Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  65


Автор: Шөмішбай Сариев

Жасына жас қосқан

Жасына жас қосқан,
Тастары – тасқа озған.
Үйлері теректей,
Аспанға бас созған.
Жатқанда ақ еркем,
Көз салсам таңертең,
Сирағы ұзын бір,
Ұзын бір қала екен.
Нағылған табиғат,
Малынған табиғат,
Адамның қолынан,
Салынған табиғат!
Көргеннен қаныққам,
Жаныммен сан ұққам,
Адамдар құдірет.
Екенін танытқан.
Туған бір жандар ғой,
Осынау халықтан.
Кең шаһар Сеул де,
Бекер ме деуім де.
Біртіндеп салатын,
Көп ойды кеуілге.
Лайық дәуірге,
Астана Сеул де!
Сеул де ғажап ат,
Айнала таза бақ.
Тұрғанда кеудені
Көп ойлар мазалап,
Қарсы алды Сеулде,
Арландай азамат!
Бөленіп бір баққа,
Дүние тіл қатқан.
Қайраткер Елшіміз,
Қарсы алды Дулат та!
Келмеппіз бекерге,
Осынау шет елге.
Жатырмыз біз бүгін,
Ең биік отельде!
Зиялы қаймағы,
Жел ескен айдары,
Жататын қонақ үй,
Әлемнің байлары!
Бар да екен айбыны,
Айтқам жоқ жай мұны,
Бермесін қайғыны,
Бұл үйге жеткізген,
Жанымның байлығы!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу