Баталар ✍️

  27.08.2023
  9286


Автор: Тұсаукесер тойы

Тұсаукесер бата

Тұсаукесер бүгінгі,
Құтты болсын ағайын!
Әрбір атар таңдарың,
Сыйлай берсін арайын!
Тұсауын кескен балапан,
Құтты болсын қадамың!
Биіктерге өрлей бер,
Тауыдай болып талабың!
Жүзіңде мұң болмасын,
Қуана түс шаттана!
Әрбір сәттен әрдайым,
Жүргін лайым бақ таба!
Денсаулығың мықты боп,
Алға қадам баса түс
Еш қиналмай лайым,
Асулардан аса түс!
Жарқырай түс, күлімдей,
Ашық болып аспаның!
Қандай жағдай болмасын,
Қасыңда боп достарың!
Биік самғап ұша түс,
Қанаттарың талмасын!
Орындалып арманың,
Бар жақсылық жалғасын!
Сүрінбегін ешқашан,
Күндей болып күлімдеп!
Жақсылықтан қуансын,
Күлім қағып үнің тек!
Тұсаукесер тойың бұл,
Тойдан тойға ұлассын!
Абыройың асқақтап,
Биіктесін, қыр ассын!
Әумин!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Клара
Клара 24.12.2023 10:32
Өте тамаша бата - тілектер

Пікір жазу