26.07.2023
5204
Сырға салдық өзіңе
Құда түсіп, мінеки,
Сырға салдық өзіңе.
Баламыздың бақытын,
Бүгін біз де сезіне.
Келін болып енесің,
Енді біздің әулетке.
Құтты болсын қадамың,
Жүзің жайнап әлбетте.
Баламызбен келінжан,
Тек бақытты болыңдар.
Қол ұстасып әрқашан,
Бірге өткізіп уақытты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇