26.07.2023
  1124


Автор: Сырға салу

Бақытты бол, ақ ботам!

Бүгін саған сырға сап,
Атандың сен, Сырғалым.
Жарқырай түс алтындай,
Гүлдей жайнап жыр бағың.

Ұядан ұшып барасың,
Бақытты бол, ақ ботам!
Бар жақсыны тілеп мен,
Шын жүректен үн қатам.

Абыройлы келін боп,
Қуандырғын біздерді.
Ана атанғын мейрімді,
Жалғап жарқын іздерді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу