26.07.2023
  11228


Автор: Сырға салу

Сырға салдық, бақ тілеп

Таңдауы аппақ қайнымның,
Өзің болдың жарқыным.
Сырға салдық, бақ тілеп,
Біз өзіңе алтыным.

Алтын сырға салдық біз,
Алтындайын жарқыра.
Сіңсіп біздің әулетке,
Ағын судай арқыра...

Қол ұстасып қайныммен,
Шаттықты өтау құрыңдар.
Болып бірге бақытты,
Тек бақытты болыңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Торем
Торем 08.03.2026 23:24
.

Пікір жазу