24.05.2023
281
Ашық болсын аспаның
Балапандар балдырған,
Ашық болсын аспаның.
Қуанышқа бастасын,
Әрбір қадам басқаның.
Жүздеріңде нұр ойнап,
Болмасыншы мұңдарың.
Шаттығымен тербесін,
Өтер әрбір жылдарың.
Саулықтарың мықты боп,
Амандықта болыңдар.
Балапандар, жандарым
Әр күннен бақ табыңдар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇