Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.05.2023
1111
Жеңістің бұл күнінде
Жеңістің бұл күнінде еске түсер,
Қанды соғыс күндері жанды ауыртар.
Отан үшін отқа да, суға түсіп,
Шейіт болды аталар, көп бауырлар.
Қанды соғыс күндері не болмады,
Ардагерлер еске алып мұңайған бұл.
Жеңіс күні жария боп, соғыс бітіп,
Ардагерлер аталар қуанған күн.
Бұл жеңіс күн қуантар, бір мұңайтар,
Күйге ендіріп беймаза жүректерді.
Регстагқа ту тігіп Қошқарбаев,
Орындады бір сәтте тілектерді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇