27.04.2023
  281


Автор: Әсерлі әңгімелер

Жындардың тойында ән салған қыз - 3 бөлім

Айтылған мекен жайға барып продюсер мен бірге той әндерін таңдап, бірге ән жаздық. Көңіл күйім керемет. Өз әндеріме өзім билеп мәз болып жүрдім.« Тойға шақырту түссе өзім хабарласамын»- деген продюсерден қоңырау күтіп телефонымды жанымнан бір елі тастамай жүрдім. Үш күннен соң продюсердің хабарласып жатқанын көріп жүрегім атқылап аузымнан шығып кете жаздады.
- Сәлем, қуана берсек болады. Алғашқы тапсырыс түсті. Түстен кейін студияға кел. Сол жерден тойға бірге барамыз.
- Жарайды, сізге көп рақмет.
Боянып, әрленіп студияға бардым. Маған әдемі көйлек берді. Сәнденіп алып тойға кеттік. Алдын ала жазылған ән қосылып тұрғаны маған онша ұнай қоймады. Өтірік ауыз жыбырлатып тұрғаннан әнді жүрекпен сезініп бар ынтамен айтып, би билеп терлеп тепшіп тұрған мың есе артығырақ екен.
« Көпшіліктің алдында қобалжып сөзін ұмытып қалуың, шаршап ентігім қаласың»- деп жанды дауыста ән айтуға продюсер рұқсат бермеді.
Бірте-бірте етім үйренді. Солай табыс тауып жүрдім. Продюсер биші қыздар қоссақ керемет боларын айтты. Солай жанымдағы құрбыларым мен төрт қыздан тұратын би тобын құрдық. Бәріміз мәзбіз. Өз ақшамыз қалтамызда. Сөздің шыгы керек кейде биші қыздарымыз тым ерсі ашық- шашық киім киетіні рас. Бұралаңдап билегендері де жұрт назарын аударады. Ұзын құлақ арқылы әкем бұл жүрісімнен хабардар болыпты. Қоңырау соғып бар даусымен ұрса жөнелді.
- Мен сені не үшін жібердім? Той-тойлап секеңдеп билеп жүрсін деп пе?
- Әке, маған бұл жұмысым ұнайды. Әрі өзімнің қажетімді өзім тауып жүрсем мұның несі жаман?

- Қызым, мені тыңдап ал. Егер бұлай жалғастыратын болсаң үйге қатып оқуды да ұмытасың.
- Әке..
- Мені білесің ғой.. Ашуым шықса бәрін қырып-жоятынымды білесің. Егер тағы тойға шығар болсаң сені тауып алып шашыңнан сүйреп үйге алып қайтамын. Ұқтың ба?
- Иә, жарайды.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу