Өлеңдер ✍️
КЕЛІП КӨР, ҒАШЫҚТЫҚ МЕНЕН НЕ ЖАСАДЫ
Көңілім ауды бұл махаббатқа,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Басымды бұрдым Қағба жаққа,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Көзімнің жасын куәға ала,
Боянсам қанға – уана ма?
Ақылды да мен, дуана да,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Мәжүн болып тентіредім,
Түсімде де Досты мен тіледім,
Құл болу оған – ең тілегім,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Ғашығым мас қып мәйін құлды,
Кездіріп қойды сайын қырды. –
Өлімге де мені дайын қылды,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Аһ, соғармын желдей болып,
Аһ, тозармын жолдай болып,
Аһ, ағармын селдей болып,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Аққан судай сарқырармын,
Дертті жүрегім – тау-тұрағым.
Жар үшін жылап, шарқ ұрармын,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Көздерім жас,
қуарды өңім,
Өкпемді өртеп жуар менің.
Дертті бауыр ұғар дедім,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Міскін Жүніс, бишарамын,
Риза, бұл дерт қиса жаным.
Қуанышын құйса Жарың,
Келіп көр, ғашықтық менен не жасады?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇