Жүніс ӘМІРЕ

Түріктің ұлы шайыры Жүніс Әміренің ғұмырбаяны туралы мәліметтер көмескі. Бірақ ғалымдар көп зерттеудің нәтижесінде, ақынның шамамен 1240 (41) жылдары туылып, 1302 (21) ж.ж. өмірден озғаны жайлы тоқтамға келіп отыр. Ол ХІІІ-ғасырда, селжұқтар билігі құлаған дәуірде өмір кешкен. Күллі ұлы шайырлар сынды, заманының зарлы сарыны Жүніс шиғырларынан да айқын көзге ұрады. Оның сырлы диуандары ауыздан-ауызға тарап, күллі дүниені кезіп кеткен. Сондықтан бір туындысының бірнеше нұсқалары болуы да заңды.
Әкесінің аты – Ысмайыл. Қутуб-ул Әктаб Құл Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті Хажы Уәли Бекташтың халифасы Палдық Әміренің дәргейінде қызыметте болып, терең рухани біліммен сусындаған. Иран, грек мифологиясын, мистика тарихын зерттеген. Анадолыда өмірін өткізгенмен, оның дәл қай жерде жерленгені беймәлім. Оның есімі жазылған мазарларды Түркияның әр жерінен кезіктіруге болады. Ал өзін Ж.Әміренің шәкірті санаған түріктің тағы бір уәли шайыры Ниязы Мысыри Жүністің мазары Лимни аралында екенін жазады.
Сол кездегі жазба әдебиет өкілдеріне тән үрдістен Ж.Әміре де тыс қалмаған: оның шығармалары ескі түрік тілінде жазылғанмен араб, парсының да әсерін де мол ұшырастырамыз.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: