02.04.2023
  159


Автор: Серікбай Оспанов

Қайырым

Атаңа көмек бердің бе,
Апаңа көмек бердің бе?
Қайырым жасап жүргенің,
Қалқам-ау, онда сен күнде!
Құлаған қартты көрдің бе,
Қолұшын оған бердің бе?
Анаға көмектесіп сен
Еңкейіп шие тердің бе?
Қайырым жасап жүргенің
Қалқам-ау, онда сен күнде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу