Нәпіл ораза
С: Ерікті оразалардың бір-бірінен артықшы-лықтары бар ма?
Ж: Иә, кейбір күндерде ерікті ораза тұтудың артық-шылықтары туралы айтылған хадистер бар. АллаЕлшісі(с.а.с.)дүйсенбіжәнебейсенбікүндеріораза тұтатын болған. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Дүйсенбі, бейсенбі күндері амалдар жоғары көтеріледі, мен амалымның көрсетілген қалап, ораза тұтамын». Басқа хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әрбір һижра айының он үші, он төрті және он бесі күндері үйде болсын, түзде болсын ораза тұтқаны туралы айтылған. Әбу Қатада (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Арафа күнінің оразасы үшін Алла Тағаладан Арафадан алдыңғы және кейінгі жылдардың күнә-қателіктерінің кешірілуін сұраймын. Ашура күні тұтылған ораза үшін осы күннен алдыңғы жылдың күнә-қателіктерін кешіруін тілеймін», – деген. Әбу Аййуб әл-Ансариден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім рамазан оразасы тұтып, одан кейінгі шәууал айынан алты күн тұтса, мәңгілік ораза тұтқанмен тең», – деген. (Мүслім риуаят еткен).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇