29.03.2023
  62


Автор: Ислам

Сұрақ: Мұсылманның іс-әрекеті қанша түрлі үкімге бөлінеді?
Жауап: Сегіз түрлі үкімге бөлінеді:
1. Парыз: Алла тағаланың бұйырғандары.
Парызды орындамау – үлкен күнә, мойындамау
– күпірлік. (Мысалы: бес уақыт намаз сияқты);
2. Уәжіп: Парызға жақын міндет (үтір
намазы, айт намазы сияқты);
 3. Сүннет: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) істеп
және бізге істеу керектігін айтқан амалдары
(сақал қою, мисуак сияқты);
4. Мустахаб: Істесе сауап, істемесе күнә жоқ
амалдар (қосымша нәпіл намаздар сияқты);
5. Мубах: Істеуге де, істемеуге де болатын
ерікті нәрселер (ішіп-жеу, киіну);
6. Харам: Алланың қатаң тыйым салған
нәрселері (Арақ ішу, құмар ойнау, өсім жеу,
зина жасау);
 7. Мәкруһ: Жағымсыз, ұнамсыз, жаман ісәрекет (Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап
ету, т.б.);
8. Муфсид: Бастаған ғибадатты бұзу (намазда күлу сияқты).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу