16.03.2023
  151


Автор: Ораза

Қандай жағдайда ораза бұзылмайды?


  • ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды, бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;

  • ұйқыдан жүніп болып ояну;

  • әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;

  • аузына келген қақырықты жұту;

  • түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;

  • құлаққа су кіру, бұлық ағу;

  • темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кіруі;

  • еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі;

  • қан алдыру немесе сүлік салдыру;

  • көзге дәрі тамызу;

  • тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды, бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды, дәріні жұтпау шарт;

  • ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды, бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;

  • жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды, бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу