Өлеңдер ✍️

  04.02.2023
  268


Автор: Аңсар Бақытжанов

Өмірің өзің қолыңда!

 


Сабылып, сарғайып болдыңба?!


Өмірде өз орның болды ма?!


Басқаға толтырып құйғанда


Өзіңнің көңілің толды ма?!


 


Аңдап бас, қарап жолыңа,


Азықтың бәрі жолыңда,


Азыған жолдар жетеді,


Өмірің өзің қолыңда.


 


Тиын санап жүрем деп,


Тиын тұрмай қалдың ба?! 


Тиым салып жүрем деп, 


Тиылып өзің қалдың ба?!


 


Біреуді қинап жүрем деп, 


Қиылып өзің қалдың ба?! 


Біреуді бағып қағам деп, 


Бағынып өзің қалдың ба?! 


 


Бес күндік мынау жалғанда, 


Алданба және алдама! 


Бес күндік мынау жалғанда, 


Тәубе ет жалғыз Аллаңа! 


Аңсар Бақытжанов 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу