Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  179


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Айтарым көп ақтаратын...

Ел-ана айтарым көп ақтаратын,
Сыр сандық ашылатын шаққа жақын.
Келбетің көз алдымнан кетер емес,
Түсірген қос жанардың аппараты.
Жырақтау жүргеніме қарамадым,


Қиялмен ой-қырыңды араладым.
Ат ізін араға бір салмағаным,
Жанымды жай таптырмай мазалады.
Малтыймын сағыныштың айдынында,
Ортақпын қуаныш пен қайғыңызға.
Ел-ана кешіре алсаң кешір мені,
Соғармын дәм-тұз тартқан ай жылында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу