Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.11.2022
317
Келе жатыр жаңа жыл
Ақ шапанын жамылып,
Ақ моншағын тағынып.
Келе жатыр Жаңа жыл,
Алыс жолдан сабылып.
Ақ бөркі бар басында,
Ақ қырау бар қасында.
Жақындады Жаңа жыл,
Дорбасы бар асынған.
Салбыраған мұрты бар,
Ұзын бойлы тұрқы бар.
Қойны толған үскірік,
Қар жамылған сұрқы бар.
Белге түскен сақалы,
Дорба толы мүлкі бар.
Аппақ Аяз атаның,
Езуінде күлкі бар.
Қолында ақ таяғы,
Арқасында дорбасы.
Жай басады аяғын,
Ғасыр соңы болғасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇