Өлеңдер ✍️

  24.10.2022
  663


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Уақыт-ғасыр, бұлақ бұл!

 


Уақыт -ғасыр, бұлақ бұл,
Таратқан тегін, шуақ нұр.
Жаратып жұппен әлемді,
Тек, жалғыз Алла, құрап тұр.
Білмеген мәнін ғұмырдың,
Жарандар, көкке құлақ түр.
Тіршілік нәрін берем деп,
Жаңбыр да, қатты жылап тұр.
Алақан жайған адамдай,
Бұртыйып бұлт та, сұрап тұр.
Найзағай жердің төзімін,
Алайын дей ме, сынап бір?
Өзімшіл боран құйындап,
Етегін сүйер, шұнақ құл.
Табиғат, толы тағдырдың,
Белгісі ғана бірақ бұл.
Сүрінсең жатып алмағын,
Имандай тілдеп,- сынақ бұл!
Қаласаң, ғазал- ғұмырды,
Міндетті түрде, құлап тұр.
Танауы жерге тигендер,
Қадірін білер қуаттың!


Гулсим Сатыбалды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу