14.10.2022
  128


Автор: Қастек Баянбай

Асар

Ағасы үй жұмысын
Қауымдасып жасарда,
«Қолы жеңіл» інісін
Шақырады асарға.

Бұлар асар дегенді
Асығу деп ұғады.
Бірі сүртіп еденді,
Бірі ыдыс жуады.

Өздеріне белгілі
Мұндай шұғыл асарды
Кейде аға,
Кейде іні
Кезектесіп жасайды.

Білетін өз бағасын
Батыл іні сасар ма,
«Алтын басты» ағасын
Шақырады асарға.

Анық аға екені,
Қайыра ма меселін?
Асарлатып екеуі
Шығарады есебін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу