Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  255


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Иранғайып көкеме


Сыр құмынан алынған құнарыңыз,
Жырға қонды жүректегі тұрағыңыз.


Қанбайды бұл ғұмырға құмарыңыз,


Себебі саф алтынды сұрадыңыз.
Жалғыз ұл қыршын кетіп жыладыңыз,
Жас емес, жыр боп ақты бұлағыңыз.


Сөгілді ең ғажайып құрағыңыз,


Сол күні жар басынан құладыңыз.
Үзілді ізді жалғар тұмарыңыз,
Ғайып болды жанардан
Мұнарыңыз.
Жарқын даусы санадан кетер емес,


Естігендей елеңдейді құлағыңыз.


Халіңізді түсінем көрмесем де,


Қыршыннан қиылғанда Мұнарыңыз.
Шалындыңыз, бәріне шыдадыңыз,
Жарқырайды, сөнбейді шырағыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу