Өлеңдер ✍️

  11.10.2022
  331


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Сыбаға

Қанаты қырқылса егер қатпай жатып,


Бақытын сезе алмас құс қанаттың.


Қырандай бір нүктеге қадалғанмен,


Сұқ саусақпен көрсетіп, нұсқамаппын.


Қасыма бір аруды отырғызып,


Ақ білегін аймалап ұстамаппын.
Тағдырымның тамыры тармақ-тармақ,


Бұл өмірде ешкімге ұқсамаппын.
Шабытым шарықтаса тулап салам,
Көрінісін көрсетемін пысқан аттың.


Басым егер қатты кетсе, тізгінді тарт,


Ауыздықпен аузымды ыс, қанатқын.
Көктемнің келгеніне күмән бардай,
Көкке қарап қайта-қайта құс санаппын.
Әке – қыран, біз мына қауырсыны,
Шарықтатар бірі менмін үш қанаттың.


Бітеу жара сыздатып, іш қанаттың,
Иесін таппай жүрген ұшқан хатпын.


Бұл өмірдің берері мол болмағасын,


Қыранмын шешпей ұшқан томағасын.


Қасыма қыздар қалай жоламақшы,


Бойыма кетпес кесел жолағасын.
Көңілім құз басынан құламасын,
Жүрегім жалғыздықтан жыламасын.


Құдайым мені шала құрағасын,


Талмай күтем қарымта сыбағасын.


Қыранның шырақ көзі жабыла ма,
Тағдыр маған тиісіп жаңыла ма?


Соқырға сансыз жолдар сабыла ма,
Тік тұрса тұла бойым тарыға ма?
Көңілім күте берер жалыға ма,


Бақытым беймезгілде табыла ма?
Кыздарға қыран құстай қадаламын,
Өйткені тиіп жатыр шалыңа да.


Бабалардың пішіп айтқан


Құлақтан кетпес термесі.
Жақ құдайым, тағдырыма


Семсеріңді сермеші.


Мен шабақпын мұзда жүзген,


Алдымнан ау кермеші.


Антибақыт көзіңді бұр,


Мені ғана көрмеші.


Бұл өмірден аларым бар,


Мен де Алланың пендесі.
Жалғастыр тағдыр шалмақ күресіңді,
Жатсам да жалғастырам тіресімді.


Бойыма сансыз соққан дүре сіңді,
Өмірден алып кетем үлесімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу