Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  175


Автор: Түрік поэзиясы

АЯҚ ДЫБЫСЫ

Əр күн кешке осындай дыбыс келер маған,
Менен де өткен қайғылы кісі келер маған!
Досым емес бұл келген, жалғыздығым өзімнің,
Досым бар ма ед өмірде сəлем берер маған?
Жар қолынан ішкен су су болмады, у болды,
Зəмзəм су деп ұсынсын, харам келер маған!
Жылар көңіл жап-жасыл көктемдерді сағынып,
Көктем емес, қияли самал... келер маған.
Қайғы мен шер жанымды тылсым сыр боп орайды,
Құпиясын шешетін парыз келер маған.
Бұл араны жер дейді... атырабы жалаңаш,
Тас жауғанда, көк күмбез тура келер маған!
Əр адымы əріптей қоссаң сөз боп оқылар,
Əр күн кешке осындай дыбыс келер маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу