Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  84


Автор: Нұржан Наушабаев

АСЫЛ-АЙ

Бұл жалғанда Асылдай асыл бар ма?
Асады ғашықтығым асыл жанға.
Ғашық-ай!
Хор қызы тең келмейді, сені ойласам,
Ойымда, жатсам-тұрсам Асыл ғана.
Ғашық-ай!
Асылым-ай!
Жан сәулем, асылым-ай!
Асылмен ойнар ма едім асылып-ай!
Ғашық-ай!
Ойнағанда Асылмен асылып-ай,
Төсекте қалсын маржан шашылып-ай!
Ғашық-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу