Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
«Өткен уақыт жылнамасы» 1 бөлім
«Патриарх оны шоқындырғаннан кейін былай деді: «Сені орыс анасы ретінде құдай жіберген, өйткені сен қараңғылықты тастап жарықты сүйдің. Орыс ұрпақтары саған өз ризашылықтарын айтады».
Княгиня Ольга (945 - 962 жж.), Киев Русінің билеушісі. Константинопольде христиандықты бірінші қабылдаған. Орыс тарихшысы Н.М. Карамзиннің айтуына қарағанда: «Ел аузында Ольганы - қу, шіркеу – қасиетті, тарих – дана деп атаған. Ольганың кезінде Ресей Еуропаның шалғай елдеріне шейін танылды».
Қосымша 2
«Княгиня Ольганың ішкі және сыртқы саясаты»
Княгиня Ольга (890-969 жж.) - Изборск князьдерінің отбасынан шыққан. 912 жылдан Киев Русін басқарып келген князь Игорьді 945 жылы салық жинау кезінде шығыс славян тайпалары древлян дар өлтіреді. Ольга күйеуінің кегін ала білді, ол князь Маланың әйелі болуын ұсынған древляндардың қос елшілігін жазаға тарты. Қолында жас баласымен қалған Ольга сол кездегі мемлекет басында болған ең бірінші әйел билеуші. Княгиня өзінің билігін салықты жинау жүйесін реформалаудан бастайды. Салықтың мерзімі мен нақты мөлшері анықталды. Киев Русінің қарамағындағы барлық жерлер әкімшілік бірліктерге бөлінді. Оған қатаң тәртіпте салық қабылдаулар жүзеге асырылатын сауда және айырбас орталықтарын құру идеясы тиесілі. Оның тұсында жаңа қалалар тұрғызылып, Киевті қайта салу басталды. Ресей тарихындағы ең бейбіт билік кезеңдерінің бірі осы Ольга басқарған жылдар болып саналады. Сыртқы саясаттағы мәселелер оның дипломатиясы арқасында шешіліп отырды. 955 жылы княгиня Ольга Византияға барды. Онда оның шоқыну жоралғылары өткізілді. Сөйтіп ол сол кездегі ең білімді билеушілердің бірі император VII Константиннің ресми түрде шоқындырылған қызы атанды. Еліне оралғаннан кейін Ольга апостолдарға қызметін бастап, халыққа христиан идеяларын түсіндіре бастайды. Оның бұйрығы бойынша алғаш христиан дінін қабылдаған киев кінәзінің жерленген орнына ғибдатхана тұрғызылады. Жолдар қиылыстарында кресттер орнатылды.
Княгиня Ольга басқарған кезде қандай өзгерістер болды? Оларды қоғамның салаларына сәйкес орналастырыңыз:
саяси | Экономикалық |
әлеуметтік | мәдени |
Дескрипторлар:
- Княгиня Ольга тұсындағы саяси өзгерістерді анықтайды;
- Княгиня Ольга тұсындағы экономикалық өзгерістерді анықтайды;
- Княгиня Ольга тұсындағы әлеуметтік өзгерістерді анықтайды;
- Княгиня Ольга тұсындағы мәдени өзгерістерді анықтайды;
- Қорытынды жасайды.
Тапсырма
Оқушылар төменде берілген тұжырымдамалардың ақиқат/жалған екендігін жазбаша жеке жұмыс орындаңыз.
1. Рим империясы екіге бөлінді: Оңтүстік және Солтүстік (Шығыс және Батыс)
2. Оңтүстік Рим империясының екінші атауы – Византия империясы. (Шығыс)
3. бұл аймақта христиан дінінің католиктік бағыты кең тарап, халықтың тұрмыс –тіршілігіне ықпалын тигізді. (православиелік)
4. географилық орны тиімді болғандықтан, өзге елдермен әскери істі дамытуға мүмкіндік берді. (сауда)
5. көрші мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастардың дамуы, византиялық әскерлердің санын көбейтті. (көпестер)
6. Пионерлер – христиан дінін таратушылары. (миссионерлер)
7. Юстиниане I тұсында империя әлсіреді. (күшейді)
8. Юстиниан императоры ауқатты отбасынан шыққан. (кедей)
9. Юстинианның ішкі саясаттағы ұстанған лозунгы: «Бір мемлекет, бір заң, бір дін». (дұрыс)
Ақиқат | Жалған |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру