Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

«Өткен уақыт жылнамасы» 1 бөлім

«Патриарх оны шоқындырғаннан кейін былай деді: «Сені орыс анасы ретінде құдай жіберген, өйткені сен қараңғылықты тастап жарықты сүйдің. Орыс ұрпақтары саған өз ризашылықтарын айтады».

 Княгиня Ольга (945 - 962 жж.), Киев Русінің билеушісі. Константинопольде христиандықты бірінші қабылдаған. Орыс тарихшысы Н.М. Карамзиннің айтуына қарағанда: «Ел аузында Ольганы - қу, шіркеу – қасиетті, тарих – дана деп атаған. Ольганың кезінде Ресей Еуропаның шалғай елдеріне шейін танылды».

Дерекке сұрақтар:

1.Византия императоры Константин Багрянородный княгиня Ольганы тең дәрежедегі басқарушы ретінде қабылдағанын дәлелдеңіз.

2.Княгиня Ольганың Константинопольға сапары кезінде қандай жеке бас қасиеттері байқалды?

3. Княгиня Ольганың Константинопольға сапары Киев Русінің дәрежесіне қалайша әсер етті?

Қосымша 2

«Княгиня Ольганың ішкі және сыртқы саясаты»

Княгиня Ольга (890-969 жж.) - Изборск князьдерінің отбасынан шыққан. 912 жылдан Киев Русін басқарып келген князь Игорьді 945 жылы салық жинау кезінде шығыс славян тайпалары древлян дар өлтіреді. Ольга күйеуінің кегін ала білді, ол князь Маланың әйелі болуын ұсынған древляндардың қос елшілігін жазаға тарты. Қолында жас баласымен қалған Ольга сол кездегі мемлекет басында болған ең бірінші әйел билеуші. Княгиня өзінің билігін салықты жинау жүйесін реформалаудан бастайды. Салықтың мерзімі мен нақты мөлшері анықталды. Киев Русінің қарамағындағы барлық жерлер әкімшілік бірліктерге бөлінді. Оған қатаң тәртіпте салық қабылдаулар жүзеге асырылатын сауда және айырбас орталықтарын құру идеясы тиесілі. Оның тұсында жаңа қалалар тұрғызылып, Киевті қайта салу басталды. Ресей тарихындағы ең бейбіт билік кезеңдерінің бірі осы Ольга басқарған жылдар болып саналады. Сыртқы саясаттағы мәселелер оның дипломатиясы арқасында шешіліп отырды. 955 жылы княгиня Ольга Византияға барды. Онда оның шоқыну жоралғылары өткізілді. Сөйтіп ол сол кездегі ең білімді билеушілердің бірі император VII Константиннің ресми түрде шоқындырылған қызы атанды. Еліне оралғаннан кейін Ольга апостолдарға қызметін бастап, халыққа христиан идеяларын түсіндіре бастайды. Оның бұйрығы бойынша алғаш христиан дінін қабылдаған киев кінәзінің жерленген орнына ғибдатхана тұрғызылады. Жолдар қиылыстарында кресттер орнатылды.

Тапсырма.

1-топ. Не себепті Киев Русі Византиядан христиандықты қабылдады?

2-топ. Бірлескен әскери жорықтарға қандай факторлар себепші болды?

3-топ. Не себепті Русь князьдігі Византиямен сауда жасауға қызығушылығын танытты?

Тапсырма

Византия мен Түрік қағанатын салыстырыңыз. Жұпта Венн диаграммасы толтырылады.

Дескрипторлар:

  • Византия мен Түрік қағанатының арасында қарым-қатынастағы айырмашылықтарды анықтайды;
  • Византия мен Киев Русі арасында қарым-қатынастағы айырырмашылықтарды анықтайды;
  • Түрік қағанаты, Византия мен Киев Русінің ортақ саяси мүдделерін анықтайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу