Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар4.2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

 Сабақ мақсаттары

- Византияның дипломатиялық ерекшеліктерін, Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

постерде қойылған сұрақтың жауабын көрсетеді;

сыныпқа постерді қол жетімді және қысқаша түсіндіреді;

Византияның дипломатиясын көршілес мемлекеттермен салыстырады;

қорытынды жасайды.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

интерпретация

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Рим империясы, Византия, ғұндар, түріктер, дипломатия, эфталиттер, Юстиниан заңдары.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени... болып табылады.

Келесі себептер/факторлар қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді... болып табылады.

Кейбір факторлардың басқа факторларға, мысалы, .... әсері болды.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (Византияның аймағы), Қазақстан тарихы (Түрік қағанатының аймағы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда 5 сыныпта өткен Рим империясы жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс түрі

5-10

Жұптық жұмыс түрі

10-20

20-30

30-35

35-40

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б

Мұғалім оқушылар назарына княгиня Ольганың бейнесі бар икона мен «Өткен уақыт жылнамасының 1 бөлімінен» үзіндіні ұсынады.

мұғалім оқушылар сұрақ қояды: «княгиня Ольга қолында не ұстап тұр?»

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

  • Княгиня Ольганың шоқындыру себептері мен салдарын қарастыру;
  • Византияның Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау;
  • Византия дипломатиясын Түрік қағанаты мен Киев Русімен салыстыру; Қорытынды жасайды.

Осылайша, сабақтағы зерттеу жұмысы оқу мақсатына жетуге және «интерпретация» тарихи концептін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ж Оқушылар төменде берілген тұжырымдамалардың ақиқат/жалған екендігін жазбаша жеке жұмыс орындайды.

1. Рим империясы екіге бөлінді: Оңтүстік және Солтүстік (Шығыс және Батыс)

2. Оңтүстік Рим империясының екінші атауы – Византия империясы. (Шығыс)

3. бұл аймақта христиан дінінің католиктік бағыты кең тарап, халықтың тұрмыс –тіршілігіне ықпалын тигізді. (православиелік)

4. географилық орны тиімді болғандықтан, өзге елдермен әскери істі дамытуға мүмкіндік берді. (сауда)

5. көрші мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастардың дамуы, византиялық әскерлердің санын көбейтті. (көпестер)

6. Пионерлер – христиан дінін таратушылары. (миссионерлер)

7. Юстиниане I тұсында империя әлсіреді. (күшейді)

8. Юстиниан императоры ауқатты отбасынан шыққан. (кедей)

9. Юстинианның ішкі саясаттағы ұстанған лозунгы: «Бір мемлекет, бір заң, бір дін». (дұрыс)

Б/Ж Дұрыс жауаптар көрсетілдеі, оқушылар өзін-өзі тексереді. Егер барлық тұжырымдар дұрыс болса, оқушылар жасыл карточканы, бір немесе екі дұрыс емес тұжырым жасаса - сары карточканы, үшеуден астам қате тқжырымдама болса - қызыл карточканы көтереді.

Ж оқушылар мәтінді оқып, тапсырманы орындайды.

Княгиня Ольга басқарған кезде қандай өзгерістер болды? Оларды қоғамның салаларына сәйкес орналастырыңыз:

саяси

Экономикалық

әлеуметтік

мәдени

М/Ж жалпысыныптық талқылау.

Дескрипторлар:

  • Княгиня Ольга тұсындағы саяси өзгерістерді анықтайды;
  • Княгиня Ольга тұсындағы экономикалық өзгерістерді анықтайды;
  • Княгиня Ольга тұсындағы әлеуметтік өзгерістерді анықтайды;
  • Княгиня Ольга тұсындағы мәдени өзгерістерді анықтайды;
  • Қорытынды жасайды.

Ж Оқушылар мәтінді оқып, княгиня Ольганың шоқындырудан кейінгі уақытта орын алған өзгерістерді анықтап, оларды стикерлерге ұзақмерзімді, ортамерзімді, қысқамерзімді өзгерістерге тізбектеп жазуы керек.

Дескрипторлар:

  • Княгиня Ольганың шоқындыру рәсімінен кейінгі өзгерістерді анықтайды, оларды жапсырмаларға (стикерлерге) жазады;
  • қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді жапсырмаларға жіктейді.
  • Қорытынды жасайды.

М/Б Мұғалім оқушыларға сыныпта алдын-ала ілінген 1-ден 5-ке дейінгі сандар санатында орналасуды сұрайды. 1 – аз өзгерістерді , 5 - күшті өзгерістер енгізді.

«княгиня Ольганың христиандық дінін қабылдауы Киев Русін қаншалықты өзгертті?»

Сыныпта пікірталас өткізу: «Не себепті княгиня Ольга христиан дінін қабылдады?»

Оқушылар пікірталас нәтижесінде келесі қорытындыға келуі керек: княгиня Ольганың христиан дінін қабылдауы Киев Русьтегі басты мәселені шешуге ықпалын тигізді. Атап айтсақ, феодалдық бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған мемлекеттің қалыптасуына септігін тигізді.

Ж Мұғалім Византия мен Түрік қағанатын салыстыруға тапсырма береді. Жұпта Венн диаграммасы толтырылады.

Дескрипторлар:

  • Византия мен Түрік қағанатының арасында қарым-қатынастағы айырмашылықтарды анықтайды;
  • Византия мен Киев Русі арасында қарым-қатынастағы айырырмашылықтарды анықтайды;
  • Түрік қағанаты, Византия мен Киев Русінің ортақ саяси мүдделерін анықтайды.

. Византия дипломатиясының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сыныпта талқылау.

Оқу құралдары

Презентация

Қосымша 1 «Өткен уақыт жылнамасының 1 бөлімінен» үзінді

Презентация

Бағдаршам карточкалары

Қосымша 2

Қосымша 2

Презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларды сабақтың басында қойылған сұрақты талқылауға шақырады:

Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті?

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу