Туған жер сырыңды ұлың көп біледі


Күн аунап, бара жатыр ғасыр көшіп,
Тарихын тауға дейін асыр десіп.
Алтын құрсақ аман ба?! Асыл бесік
Ер жеттік құмыңда ойнап тасыңда өсіп.

Жер ана ұлың елге үлгілі еді,
Жарқылдап маңдайымнан күн күледі.
Жер жәннәті сенің ыстық құшағың ғой,
Сырын оның мен білмей кім біледі?!

Туған жер сырыңды ұлың көп біледі,
Қыран боп қанаты мен көк тіледі.
Құшағында күн көрмей жатыр сенің,
Торғайдың тау құлатқан тектілері.

Біз соларға тартқанбыз иман артып,
Бойына Күй сіңіріп жиған жақұт.
Қан жұтып, қайғы ішіп Туған жерім,
Сені кетті бабамыз сыйға тартып.

Мен емес мұндай жерде айылдайтын .
Жеткізем мынау елге ойымды айқын.
Тектілік сіңген сенің топырағыңа,
Жүз күн жаңбыр жауса да шайылмайтын.

 Жауынбай ЖЫЛҚЫБАЙҰЛЫ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу