Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Болжалдық сан есімнің синтетиқалық арқылы жасалуы
Қазақ тілінде, сол сияқты басқа түркі гілдерінде бол-жалдық сан ғана жасайтын арнайы өзіндік аффикс жоқ. Бірақ басқа сөз таптарынын. қосымшалары болжалдық сан есімде мүлдем басқа, жана мән алғаны сөзсіз. Сондықтан сан есімге арналған зерттеулерде, оқулықтарда болжалдық сан есім жасаушы көрсеткішіер ретінде тө-мендегі аффикстер көрсетіліп жүр:
1 -дай, -дей, -тай, -тей аффиксі есептік сан есімге жалғанып, оған болжал мағынасын қосады: алпыс-тай, қырық-тай, мық-дай, елу-дей, жүз-дей. Мысалы Үйшіктердің, саны он бестей (С. Сейфуллин). — Әрине, — деді Мәлік, — сол кезде ол үйде мың жарымдай жылқы, екі-үш мыцдай қойы бар екен. Мектепте төрт жүз елудей бала оқуы керек (С. Мүқанов). Келтірілген мысалдардағы он бестей, мың жарымдай, екі-үш мыңдай, төрт жүз елу-дей дегендердің ешқайсысында заттын, нақтылы саны айтылмаған, бұлардың бәрінде аталған саннын, шамасында, соған жақын деген ұғым бар. Бүдан шығатын қорытынды болжалдық сан жасаушы морфема негіз сөздіц мәнін өзгертіп түр. Мүнда сөзжасамға негіз болған есеп-тік сандардың мағынасы өзгеріссіз қалған жоқ, сондықтан да бұның сөзжасамға жататын құбылыс екені күмәнсіз.
Тіліміздегі бұл морфеманың негізі сын есімнің -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы деп танылады. Сын есімде бұл аффикстің салыстыру мағынасын беретіні белгілі. тау-дай, үйдей, қақпақтай, темірдей т. б. Ал болжалдық сан есімде оның салыстыру мағынасынан нышан қалмаған. Осы мағыналық ерекшеліктің өзі бұл көрсеткіштің. тіліміздегі сан есімнің құрамында сөзжасам морфемасы болып қалыптасқанын көрсетеді. Бұл аффикс тек бір саны-на жалғанғанда ғана, өзінің сындық ерекшслігін сақтап, одан сын есім жасайды. Бірдей: бірдей адамдар, кітап сөрелерінщ биіктігі бірдей т. б. Тағы бір ауытқу осы аффикстің -лей вариантының екінші деген реттік санмен қолданылуына байланысты. Екіншілей деген туынды сөз сан есімнен жасалғанына қарамастан, осы сөз табынан-шығып, үстеуге ауысып кеткен. Қалған жагдайдың бәрінде ол аффикс есептік саннан болжалды сан есім жасайды. Өте өнімді жұрнақ, сан есімді талғамайды, сондықтан кез келген дара, күрделі есептік сандардан болжалдық сан есім жасайды: ондай, бестей, қырықтай, елудей, мыңдай, жүздей, жүз елудей, алпыс бествй, жетпістей т. б. Дегенмен бұл аффикстін, тілде бірлік саннан гөрі ондық, жүздік, мыңдық сандармен жиі қолданылатыны байқалады.
Есептік сан көлемдік, мезгілдік зат есіммен тіркесіп, оның сан мөлшерін шамамен білдіргенде, -дай, -дей аффиксі сан есімге жалғанбай, мезгілдік, көлемдік зат есімге жалғанады; бірақ сан есімге болжалдық мән қосады: елу километрдей, он күндей, екі кұлаштай, үш жұмадай, үш айдай, бес жылдай, бес килограмдай, 7 шақырымдай, төрт аптадай т. б.
2. Есептік сан есімге -дап, -деп, -тап, теп, -лап, -леп аффиксі қосылып, одан болжалдық сан есім жасайды. Бұл тәсіл арқылы жасалтын болжалдық сан есімге сан-дардың қайсысы болсын, негіз бола береді. Сондықтан -дап, -деп аффиксінің болжалдық сан есім жасау мүмкіндігі мол, өнімді аффикске жатады. Мысалы: ондап, елулеп, жүздеп, мыңдап, үш жүздеп, екі мыңдап, он мыңдап, қырық-отыздап т. б. Дегенмен, мүнда да бұл аффикстің ондық, жүздік, мыңдық сандардан болжалдық сан есім жасауы жиі кездеседі.
Көлемдік, мезгілдік заттардың болжалдық санын білдіруде аффикстің есептік санға жалғанбай, көлемдік, мезгілдік зат есімге жалғанып, болжалдық мағына беруі де бар: үш айлап (кетеді), он күндеп (жатады), екі апталап (демалмайды), (күніне) екі жүз километрлеп (жүреді)жылдап (көрмейміз), жүз тонналап (тасиды), т. б.
-дап, -деп аффиксінің негізі етістікпен байланысты (-ла+-п), бірақ ол сан есім құрамында егістік, қимыл, көсемше мәнін сақтамаған. Есептік санга жалғанған
-дап, -деп аффиксі мүлдем басқа мәнге ие болған, ол — болжалдық мағына, керісінше болжалдық мағына етістіктің -ла, көсемшенің -п жүрнағында жоқ. Сондықтан -дап, -деп аффиксі — сан есімнін, онын, ішінде болжалдық сан есімнің көрсеткіші. Тілде бұл аффикс болжалдық мәнге ие болған, сондықтан ол сан есімнің сөзжасам жүйесіне жатады. Бұл аффикс арқылы жасалған туынды сан есім негіз сөз бен аффикстен тұрады: он+дап— 1 негіз сөз+аффикс. Мысалы: Дәулетінщ молдығы Нұртазаны жүз орап алатын Әлти жалшыны екілеп-үштеп емес, елулеп-алпыстап жалдайды (С. Мұқанов). Соньщ ішінде партияньщ, үкіметтің ерекше қаулысы бойынша бес жүздеп, мыңдап тобымен кететіндер бар (Ғ. Мұста-фин). Алты совхозға үш жүзден трактор кследі (С.Мұ-қанов).
3. Есептік саннан -даған, -деген, -таған, -теген аффиксі арқылы болжалдық сан есім жасалады: бестеген, жетілеген, қырықтаған, алтылаған, отыздаған, жүздеген, мыңдаран, қырьқ-елулеген, алпыс-жетпістеген, миллион-даган т. б.
Шығу тегі жағынан -даған, -деген аффиксі де сан есімнің өзінен шыққан аффикс емес, ол етістіктің -да және есімшенің -ған аффиксінен қалыптасқан. Бірақ болжалдық сан есімнің қазіргі -даған, -деген аффиксі-нен етістіктін. -да жұрнағы мен есімшенің-ған жүрнағы-нын, мәнін, мағынасын іздеу мүмкін емес. Олардың мағы-насынан бұл құранды аффиксте із қалмаған. Сөйтіп, бұл аффикстер өз мағынасынан айрылып, жаңа мағынаға ие болған, сондықтан қазір -даған, -деген аффиксі — болжалдық сан есімнін, тұрақты, өте өнімді көрсеткіші. Мысалы: Осы екеуінің өзі-ақ миллиондаған сом кірістер енгізіп тұр (Ғ. Мұстафин). Темір жолы салынбаған жерде мыңдаган көлік керек болатынын уайымдап еді. Ушаков онын, алдына қазақтың он мықдаған түйесін тосты (Ғ. Мүсірепов). Жиырмалаған жігіттер аттылардың алдын тосып, ілгерілей берді (Ә. Сәрсенбаев). Сол колхоздардың жүз мыцдаган малынан бұл иттер қапыда болмаса, қыр аңына мал бермейді
(С. Мүқанов). Ағылшын орыс байларының ондаган жылда алған көмірін біз бір жылда алуымыз керек (Ғ. Мұстафин). Жыл бойы осы жолда артық төгілген көліктері, жанар май, сынған арба, бүлінген машиналар мыңдаған сомдарды жұтып жатқанын айта келді (Ғ. Мұстафин).
4. Есептік сан есімнен көптік жалғауы да болжалдық сан есім жасайды. Жасы сол кезде елу-алпыстарда (С. Мұқанов). Ондарт келгенше, Асаубайдың өмірден алғаны да осы ғана еді (М. Тиесов). Бұл жолы кешкі сағат сегіздерде басталған мәжіліс түнгі бірден аса бітті (С. Мұқанов).
Көптік жалғаудың сан есімге тән аффикске жатпайтыны әркімге белгілі. Сан есім тіркескен зат есімге қа-зақ тілінде көптік жалғау жалғанбайды, өйткені заттың көптік мәні сан есімнен көрінеді. Мысалы: екі мыц қой, бес жүэ жылқы, жүз түйе дегендерде заттың көптік мәні нақтылы саны арқылы берілген. Тілдің ықшамдау заң-дылығы оның екінші рет көптік жалғауы арқылы қайталануын артық деп тапқан, сондықтан зат есімдер сан есімнен кейін көптік жалғауын қабылдамайды. Сан меи заттың тіркесінде зат есімге жалғанбайтын көптік жалғаудың көптік мағына санынан көрініп тұрган сан есімге жалғануы оған көптік мағына беруден шықпаған жоне сан есімге көптік жалғаудың жалғануынан қалған қалдық та емес, өйткені сан есімдер көптік жалғауы арқылы түрленбейді. Олай болса, көптік жалғауының есептік сан есімге жалғануының өзі сөзжасам мақсатына қатысты шыққан.
Көптік жалғауының есептік сан есімге қосатын болжалдық мағынасында да болжалдық сан ссімнің басқа көрсеткіштерінен айырма жоқ. Олар қандай болжалдық мағына берсе, көптік жалғау да сондай болжалдық мағына береді. Сондықтан есептік сан есімге қосылған көп-тік жалғауды да болжалдық сан есімнің көрсеткіші деп тану қажет, ол мұнда жұрнақтық қасиетке жеткен.
Түркі тілдерінде топтық мағынада қолданылатын -ер жұрнағының Қазақ тілінде өзіндік ерекшелігі бар. Біздің тілімізде бұл жұрнақ өте өнімсіз, жалгыз бір сан есімнен ғана сөз жасай алады, басқа тілдерде ол өнімді қосымша, оны топтық сан есімдердің жасалуьшда айтқанбыз. Сонымен бірге бұл жұрнақтың беретін мағынасында да басқа тілдердегідей топтық мән жоқ, біздің тілімізде оның болжал мағынасы бар. Мысалы: Бірер адам машина қасында қалып, бірер адам ең жақын деген елге жаяу кетті (С. Мұқанов). Бірер мыңды місе тұтпай, бес-алты мыңнан алмақ
(Ғ. Мүсірепов). Алдағы бірер бесжылдықтың ішінде біздің облыстағы Сыр бойында үш жерден плотина құрылмақ (С. Мүқанов). Жұмысына бірер сағатқа екі-үш рет қана көрінеді де, басқа күндерде ол бұл маңайға жоламайды (С. Мүқанов). Шыдар ем күйіп, мен жанып, айында бірер көрсем де (Абай). Бірер жүз саудасына қарыз берсең, құрметтеп, не десең де, ұшып тұрар (С. Мұқанов). Сол жылы онда екі-үш-ақ құлынды бие, бірер ғана бұзаулы сиыр бар (С. Мұқанов).
Кейде бір сан есімнің өзінін, де ешбір қосымшасыз -болжал мағына беруі де кездеседі. Мысалы: Әлі бір бес ;жыл оқығым келеді (Р. Мүсірепов). Енді бір он жылдарда бұл жұмысты да бітіреміз ғой (С. Мұқанов).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?