Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Реттік сан есімнің сөзжасамы | Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Реттік сан есімнің сөзжасамы реттік, есімнің, Реттік, Мысалы, заттың, деген, санын, арқылы, тілінде, сандардың, есімдердің, екінші, есімдер, нақтылы, қатар, жүйесіне, сөзжасам, есептік, жұрнақ, студент




  • »

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Реттік сан есімнің сөзжасамы

Сан есімнің синтетикалық сөзжасам жүйесіне жататын қосымшаға -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жатады. Бұл жұрнақ есептік сан есімнен реттік сан есім жа-сайды, дара, күрделі есептік сан есімдердің қайсысынан да реттік сан есім осы жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы: Жақып тоғызыншы класты бітірді. Ақбалым сегізінші класта еді (Ғ. Мұстафин). Бір мың тоғыз жүз отыз екінші жылдың көктемі (Ғ. Мұстафин). Мысалдагы тоғызыншы, сегізінші деген реттік сандар дара сан есімдерден жасалған, ал бір мыц тоғыз жүз отыз екінші деген реттік сан есім күрделі сан есімнен жасалған. Бұлардың бәрі -ыншы, -нші жұрнағы арқылы жасалған.



Реттік сан есімнің -ншы, -ыншы жүрнағы көне замандардан келе жатыр. Академик А. Н. Қононов көне түркі жазба ескерткіштер тілінде реттік сан есімнің үш түрлі қосымша арқылы жасалғанын көрсетеді: 1) -НЧ (токуз-унч); 2) -нті (екінті — екінші); 3) -кі (ілкі — бірінші)21

-нті, -нч, -ынч, -інч аффикстері арқылы реттік сан есімдердің жасалуын Ғ. Айдаров та көрсеткен22. Қазақ тілінде осы аффикстердің біреуі (-ншы, -нші, -ыншы, -інші) ғана сақталған. Реттік сан есімнің бұл жүрнағы басқа түркі тілдерінде де сақталған және өте актив, өнімді. Акад. А. Н. Кононов көрсеткен жүрнақтардың соңғы екеуі біз-дің тілімізде реттік сан есімнің қосымшасы ретінде қызмет атқармайды. Ал ол келтірген ілкі сөзі біздің қазіргі тілімізде де бар, ол алғашқы, бастапқы мағыналарында қолданылады. Керісінше алғашқы, әдепкі, бастапқы сөздерінің де бірінші деген мағынада қолданылуы бар. Бұл, әрине, осы сөздердегі -кі, -қы қосымшаларының байланысын көрсете алатын сияқты.

Реттік сан есімдер заттың нақтылы сандық мөлшерін емес, заттың реттік санын, тәртібін білдіреді. Мысалы:



Екінші, үшінші этаждарда тағы да сондай өзгеше әсем ойылған тесіктер бар (М. Әуезов). Төртінші рет бала мүлдем жақын келді (X. Есенжанов). Кешікпей-ақ жүз жиырмасыншы шахтаға барып кірдік (С. Ерубаев). Өнеркәсіптің. жалпы өнімі 1913 жылмен салыстырғанда отыз алты есе өсті, соның ішінде өндіріс құрал-жабдық-тарын шығару сексен үш есе, ал машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің өнімі екі жүз қырық есе өсті («СҚ.»).



Келтірілген мысалдарда екінші, үшінші реттік сандары этаждың қатар, рет санын көрсеткен. Жүз жиырмасыншы реттік саны шахтаның рет санын, 1913 жыл деген-дегі рсттік сан жылдың рет санын көрсеткон



Реттік сан есімдердің заттың рет санын, қатар саныи білдіруі оньщ әр уақытта зат есімнің алдынан келіп тіркесуін керек етеді. Осы қолданыс оны аздаи сын есімге ұқсатады, өйткені мұнда тектіркесуі ғана емес, оның заттың белгісін білдіруі де бар. Осы белгінің кейбір тілде басым көрінуі де бар. Мәселен орыс тілінде реттік сач есімдер деген сан есімнің семантикалық тобы жоқ. Орыс тілінде реттік сан есім туынды сын есімге жатқызы-лады, қазір оны сан есім деп дәлелдеу де бар2а.

Контекске қарай біздің тілімізде де реттік сандардыд сындық мәні басым келетін жерлері бар. Мысалы: Райхан институттағы бірінші студент десек, ол ең жақсы студент, алдыңғы студент, үлгілі студент деген сияқты мәнді білдіріп тұрғанын, сондай ұғым беретінін көреміз. Бірақ бұндай мағынада қолданылуы реттік саннын. негізгі мағынасы емес, ол белгілі контексте ғана сондай ұғым бере алады.

Ал реттік сандардың негізгі мағынасы заттың нақтылы рет, қатар санымен байланысты. Сонымен бірге реттік санның өзіндік мағына ерекшелігі де бар. Реттік сан есімнің тілдің сөзжасам жүйесіне жатқызылуының тағы бір себебі мұнда қосылатын үстеме мағынанын өзіндік бір ерекшелігінде. Мысалы: он кітап дегенде объективті өмірде белгілі бір кезең мен кеңістіктегі нақтылы он кітап сөз болған, ол — бар кітаптың нақтылы саны. Ал оныншы үйде тұрады дегенде әңгіме бір ғана үй туралы. Бірақ ол үйдің қатар, рет саны оныншы.Міне, бүл жағдай реттік санда сандық ұғымға да белгілі мағыналық өзгеріс енетінін дәлелдейді. Сондықтан реттік сандардың сөзжасам жүйесіне жатуы өте орынды екені анықталады.

Реттік сандардың қолданылуына қарай тағы бір ерекшелігі бар. Ол — реттік сандардың субстантивтенуі. Субстантивтенген реттік сан есім зат есімдерше түрленіп, зат есімдер атқаратын синтаксистік қызметте қолданылады. Мысалы: Бірің тапсырғанда, екіншщ терезе алдында тұрыңдар (С. М.). Екіншісіне кімді ұсынасыз? (М. И.). Бұл — он бесінші (С. М.). Мен соны байқап, біріншіде бес алты құлақ шыққан кезде, екіншісінде тары бас жара бастағанда, үшіншісінде сүттене бастағанда, төртіншісінде пісіп келе жатқанда суардым (Ғ. Мұстафин).

Реттік сан есімдер заттың ғана рет санын емес, жыл, ай, күн сияқты мезгілдің де ретін білдіреді. Мысалы: Өнеркәсіптің жалпы өнімін 1965 жылы 1958 жылғыдан шамамен 80 процент, оның ішінде «А» гобы бойынша 85—88 процент, «Б» тобы бойынша 62—65 процент арттыру белгіленді (СҚ).

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 9 725
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

. .