Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жинақтық сан есімнің сөзжасамы


Жинақтық сан есім жасаушы аффикс -ау, -еу. Бұл аффикс бірден жетіге дейінгі бірлік сан есімдерден жинақтық сан есім жасайды. Ол сандық ұғымды мүлдем өзгертпейді, бірақ есептік санға жинақтау мәнін қосып, оның мәнін абстракцияландырып, заттьтқ ұғым да қосады. Мысалы: Біреу де болса жетеді. Бес жыл өткен сол тойға енді өкініп жатыр екеуі. Үшеуі оңаша отыр. Ішінен мықты үшеуін таңдап алып, шұңқырға сал. Әлсіздеу біреуін үш көлікпен ауылға қайыр. Екеуі тракторға қалсын. Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба ала ма? (Ғ. Мұстафин).



Қазіргі түркі тілдерінің көбінде жинақгық сан есім-нің -ау, -еу, -у дыбыстық варианты қолданылады. Мысалға татар, башқұрт, қарақалпақ тілдерін келгіруге болады. Сонымен бірге басқа түркі тілдершде ол қосымшаның -ав, -ов, -ев, -гу, -игу, -оо, -өө сияқты т. б. дыбыстық варианттары да кездеседі. Бірақ қандай дыбыстық вариангта қолданылмасын, олардың түп негізі бір.



Жинақтық сан есім де — көне туркі тілінен келе жатқан сан есімнін, семантикалық тобы. Оны академик А. Н. Қононовтың, мына сөзінен көруге болады: «Жинақтық сан есім — заттанған сан есімдер есептік сандардан жинақтық — көптік көрсеткіштер арқылы жасалады: 1) -ғун, -ғун/ -Г/-Р+-Н/ қосымшасы ескерткіште бір мысалда ғана кездеседі: учагун/ушеу «Құдатқу білікге» (XI ғ.) бұл форма анықтауыштық қызметте қолданылады. Әрі қарай бұл қосымшаның фонетикалық дамуы мына жолмен өткен: -ғун -гу, ~ві, -в, -у -ү.

2) -н қосымшасы -ғун қосымшасының кұрамындағы жинақтық, көптік мағыналы көрсеткіш, ескерткіште жалғыз екін ара (екеуінін, арасында) деген мысалда ғана кездеседі»24, — дейді.

Қазақ зерттеушісі Ғ. Айдаров орхон жазба ескерткішінде жинақтық сан есім бар деп, оның жасалу жолын көрсеткен: «Жинақтық сан есім заттардың жиынтығын білдіріп, -агу, -егу: үчегу жұрнағы арқылы жасалады»,25 — дейді.

Жинақтық сан есімнің қазіргі түркі тілдеріндегі тағы бір ерекшелігі оньщ қанша санға тарауына байланысты. Қөпшілік түркі тілдерінде жинақгық сан бірден жетіге дейін болса, кейбір түркі тілдерінде татар, баш-құрт, құмық тілдерінде бірден онға дейін жинақтық сан есім жасалады. Сөйтіп, түркі тілдерінде жинақтық сан негізінен бірден онға дейінгі санға қатысты, бірден онға дейінгі сандар жинақтық санның жасалуына негіз болады. Ол — көне замандардан басталып, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан тілдік құбылыс.



Жинақтық санньщ өзі жасалған есептік саннан айырмасы — олардың зат есімнін, алдынан келіп, оны анықтаушы сөз ретінде тіркеспеуінде. Бұл қасиет басқа түркі тілдеріне де ортақ. Ал жинақтық сан есімдердіқ зат есіммен тіркеспеуі оның өзінін, заттық ұғымды білдіруімен, заттық мағынасымен байланысты Жинақтық зат есімнің жинақтық, заттық мәнін онын. түрленуі де растайды. Жинақтық сан есім зат есім сияқты түрленсді. Әсіресе тәуелдік, септік жалғауларымен жиі түрленеді, сөйлем-де де түрлі орында қолданыла береді. Мысалы: — Мектебінде ме? Парткомда ма? — Екеуінде де (Ғ. Мұстафин). Екеуі — айыпкер, біреуі — тергеуші тәрізді, мерейі үстем отыр (Ғ. Мұстафин). Үшеуін бірден жүргізіп, керегінде күшті бірінен-біріне ауыстырып отырмақ. — Мінгіз ана атқа екеуін де! — деп қастарындағы жігіттерге бұйрық етті (М. Әуезов). Екеуін қалпақтай түсірді де, менің дәуімді бас салып, аузын буып, ала жөнелді. Жа-мал екеуін де түсіне қойған жоқ (Ғ. Мұстафин). Екеуміз бірден тойтиғамыз жоқ па? (Ғ. Мұстафин). Маңыздана басып үшеуі де үйге қарай беттеді (Қ. Қайсенов).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Галымбек Кенжегалиев
    0 + 0 -
    ok
  2. Галымбек Кенжегалиев
    0 + 0 -
    кпроено