Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты?
Оқу мақсаттары: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;
Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастарын талдау және бағалау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстан халықаралық құқық субъектісі (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991-1996жылдар)
Сабақ тақырыбы: Қазақстан халықаралық құқық субъектісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақстан Республикасы халықаралық аренада танылуына баға беру;
Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланысын талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орнын біледі.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Абай қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. .....
Шығармалар
Толық

Отан – қазағымның қара шаңырағы

Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды.
Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан
табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие
болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене
араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды
бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған
шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп,
еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі –
Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті.
Себебі Отан бәрімізге ортақ.....
Шығармалар
Толық

Тұлданған киімге қарап жылау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өрнегін өрген іздеп пендемін, ашып көмбеген,
Жылады деп сөкпе, жұрт, иесі кетті төрдегі.
Жасым тоқсанға келді, жылайын, сөксең де, халқым,
Бұрынғы заман маған жоқ, арпаға бидай ексең де!

Жылқы ішінде алады алаға тоқым салады.
Жылады деп сөкпе, жұрт, отырмын жетім баладай. ....
Өлеңдер
Толық

Мамайды шешесі Қараүлектің жоқтап айтқаны (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Орағым, Орағым!
Жалғыз қалдың, қарағым!
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың, Орағым,
Дүние, шіркін, құрысын!
Қарағым, Орақ, ай, Орақ!
Ай балтасы қанды Орақ,
Алаштап ұран шақырса,
Құрбысының алды, Орақ.
Мамай кетіп алдыңда
Туғансыз жалғыз калды Орақ!
Атыңды дұшпан атаса,
Мамай еді серігің,
Оркөз еді көлігің,
Артында жалғыз сен қалдың,
Мамайдың көрдім өлігін.
Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жерігім,
Мамай еді қуатым
Екі жыл шөлге қамады,
Қалмақтың бермей суатын.....
Өлеңдер
Толық

Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ бүркей салдым басыма,
Жер ортаға келген шағымда.
Басымнан бағым тайғаны,
Жаратқан Алла осы ма?!
Арман да арман арманның,
Ақ бүркей басқа салғаным.
Тасып тұрған көңілім,
Жасып бір шіркін қалғаның.
Опасыз дүние жалған-ай,
Ақ бүркей басқа салған-ай!
Салмасқа бар ма амалым,
Шырағым сынып қалған-ай!
Құдірет басқа салған соң,
Басымнан бақты алған соң.
Амалым бар ма көнбеске,
Ақылшым сенен қалған соң?!
Ақ бүркей салып жылайын,
Жылатқан соң құдайым. ....
Өлеңдер
Толық

Қарагөз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мынау қолым, Қарагөз саған созған,
Махабаттың жүректе оты қозған.
От-жалындай көзіме көрінеді,
Желбіреген көйлегің берен боздан.

Қайырмасы:
Қарагөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанға бармаған,
Сұм басым,үйбай, сөзге ерген.....
Өлеңдер
Толық

Қараторғай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым, айналайын, қара қасым,
Жібектей қара мақпал қара шашың, еркем-ай.
Еліктің лағындай егілемін,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.

Қараторғай, қарағым-ай,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай......
Өлеңдер
Толық

Қараторғай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

(Сырдың “Қараторғайы”)

Құс болсаң жібектен бау тағар едім,
Күмістен тұғырыңды жабар едім.
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,
Қолға алып, сылап-сипап бағар едім.

Салайын мен әніме
Қараторғай, қараторғай......
Өлеңдер
Толық