Неліктен Мысырды «Қаражер» деп атаған? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

 Неліктен Мысырды «Қаражер» деп атаған? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1С бөлімі: Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Неліктен Мысырды «Қаражер» деп атаған?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Зерттеу барысында оқушылартүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, Ніл өзенінің ежелгі мысырлықтардың тұрмыс-тіршілігіне жан-жақты әсер еткендігін дәлелдеуді үйренеді.
Ұйымдастырушылық бөлім. Сабақтың тақырыбы бойынша оның мақсаттары мен білімділік міндеттерін анықтау.
"ББҮ" кестесін толтыру:
Білемін Білгім келеді Үйрендім

БЫМ) Сазбалшықтан немесе ермексаздан жасалған Ніл өзенінің үлгісін көрсетіңіз. Өзен арнасын суға толтырыңыз, су сазбалшықтың шектерінен шығып кететіндей болсын. Ніл өзені тасуының салдарларын талқылаңыздар.
Дескрипторлар: Ніл өзені тасқынының әсерлерін айтып береді.
(Б) Ресурстар тізімінен Мысырдағы Асуан су бөгетінің суретін көрсетіп, бұл дамбаның ХХ ғасырдың ортасында электр қуатымен қамтамасыз ету үшін салынғанын түсіндіріңіз. Сонымен бірге, су бөгетінің арқасында жыл сайын екі жағалаудағы топырақты суарып отыратын Ніл өзенінің табиғи су тасқынының тоқтағанын да түсіндіру керек.
(Т) Сыныпты үш топқа бөліңіз.
Презентация қорғау үшін бірлескен критерийлерді жасау:
-Слайдтардың саны 3-тен артық болмауы қажет;
-Қорғау уақыты 2 минут;
- және т.б.
Топпен жұмыс: Ніл өзенінің ежелгі мысырлықтардың өміріне әсерін зерттеу.
Тапсырма:
«А» тобы қолда бар ресурстарын зерттеп, Ніл өзенінің орналасуы Ежелгі мысырлықтардың тұрған орнына қалай ықпал еткенін және олардың өз тауарларын Ніл өзені бойымен қалай тасымалдағанын зерттеп, презентация жасайды.
Дескрипторлар: -құрылған критерийлер бойынша презентация дайындайды.
-өзенге байланысты тұрғылықты жерлерді таңдауларына нақты мысалдар келтіреді.
-өзен бойымен тауар тасымалдау әдістерін атап өтеді:
-Нілдің мысырлықтардың өміріне әсері туралы қорытынды жасайды.

«В» тобы қолдағы ресурстарын зерттеп, Ніл өзенінің адамдардың егін өсіру әдістері мен егіншілікті ұйымдастыруына қалай ықпал еткенін зерттеп, презентация дайындайды.
Дескрипторлар: құрылған критерийлер бойынша презентация дайындайды.
-өзеннің егіншілікпен айналысудағы әсері туралы нақты мысалдар келтіреді;
-ауылшаруашылығы ұйымдарының әдістерін баяндайды:
-Нілдің мысырлықтардың өмір сүрулеріне тигізген әсері туралы қорытынды жасайды.
«С» тобы қолда бар ресурстарын зерттеп, Ніл өзенінің ежелгі мысырлықтардың рухани өмірі мен діни наным-сенімдеріне қалай ықпал еткендігіне презентация жасайды.
Дескрипторлар: -құрылған критерийлер бойынша презентация дайындайды.
-Ніл өзенінің қоғамның діни бағытына әсерінің нақты мысалдарын келтіреді;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 518



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі