Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды . « Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....
Қазақ даласының Ресейге қосылуы ХІХ ғасырдың орта тұсында аяқталды. Осыдан бастап қазақтар қай жағынан болсада да Ресейге тәуелді күй кешті. Бұл кезде Ресейде капиталистік қоғам өркен жайған болатын. Капитализм Ресейге ғана емес, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, сонымен қатар қазақ даласында да қалыптаса бастаған еді. Ресейде болып жатқан экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени даму үрдістері азды – көпті болса да қазақ даласына жетіп жататын. Патшалық Ресей шет аймақтарындағы халықтарды аяусыз қанады, барлық жағынан дамуына кедергі жасап, соған тікелей күш жұмсады. Бұл жағдай ұлттар арасындағы араздықты қоздырды. Ресейге қараған басқа халықтар сияқты, қазақтың да тілі, ұлттық мәдениетіне зорлық келді, қорланды. ....
Адамзат тарихында әлемдік өркениенттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесін атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастарды бейнелейді. Олардың ішіндегі басты белгілері болып табылатындары: - Спартандық тәрбие жүйесі. - Афиндық тәрбие жүйесі. - Діни тәрбие жүйесі. - Джентельменді қалыптастыру жүйесі:(батыс еуропалық жүйе) - Адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С. Макаренко) XX ғасырдың екінші жартысында кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын ендіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б). Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар оқу процесін қайта құрудың негізінде қолданды. ....
Мотивация түсінігі Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады.Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін , мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай , ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті мөдшердесаналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды» Ең жалпы түрде түрткі-бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекеткеитермелеуші, ынталандырушы , анықтаушы. Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілі оның мәнін, ....
Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік-жоспарлықтан басты айырмашылығы-өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ.. Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады. ....
"Құқық" терминінің көптсгсн мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде жәнс қызмет.бабында қолданылады. Ксң мағы-налы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қаңдай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Заң шымында "құқық" тсрмнні бірнсшс мағынада қолданылады. Біріншідсн, "құқық" тсрмині бірнсшс мағынада қолданылады. Бірікшідсн, "құқық" - ресми түрдс танылған жскс және заңды тұлгалардын заңға сүйснс отырып, әрскет жасау мүмкіндігі, Мысалы, азаматтардың сңбск сту бостаңдыгы, білім алу, кәсіпксрлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлгалардың да құқықтық мүмкіндіктсрі болады. Осы кслтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъсктивтік (тұлгалар) мағынада колданылады. ....
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болуы керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше. Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін. Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар отырған біздің экономикалық заңдарымыз Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.....
А дам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережесіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланылады. Адам баласының сана – сезімнің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу адам сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық -әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамның тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі. Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшесінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиялық көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп аталады. Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндігін алады. Ойдың т ілі - сөз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.....
Пародонт ауруларын комплексті емдеуде тістерді таңдап егеу негізгі шаралардың бірі болып табылады, окклюзиялық бұзылыстарды қалпына келтіру және тістерің тірек тіндерін жарақаттаушы окклюзияны реабилитациялау және алдын алу үшін стимуляциялы, функциональды қысымды қалпына келтіру болып табылады. Жарақаттаушы окклюзия – бұл бір тістің немесе бір топ тістердің функциональды қысымынан болатын тіс қатарының патологиялық жағдайы, ол пародонт тіндерінің өзгерісіне, бұлшық ет дисфункциясына, самай – төменгі жақ буынының ауруларына алып келеді. Жарақаттаушы окклюзия интакті пародонт кезінде де болуы мүмкін, тым көп немесе бағыты бойынша дұрыс емес окклюзиялық қысымнан және пародонт ауруларында тістің тірек тіндерінің әлсіздегенде болуы мүмкін. Бұл кезде қалыпты окклюзияның өзі де тіс тіндерін қоршаған толеранттылыған жоғарылап қарапайым окклюзияның өзі жарақаттаушы факторларға айналады. Комбинирленген жарақаттаушы окклюзияның жоғары қысыммен пародонт ауруларының бірігуінен пайда болады. Клиникада көбінесе тістердің ерте түйісуінен болатын травматикалық окклюзиямен науқастар кездеседі, ол керексіз бүйір қысымға алып келеді( горизонтальды және қисық), ол пародонт ауруының негізгі патогенетикалық факторы болып келеді. Окклюзиялық түйісудің үш класын ажыратады. Бірінші класс- төменгі моляр және премолярдың ұрт төмпешіктерінің вестибулярлы бетіндегі локализациясы, тағыда төменгі күрек және сүйір тістердің вестибулярлы бетінде. Екінші классқа жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай бетіндегі таңдай төмпешіктерінің алдын ала түйісуі жатады. Үшінші класс- жоғарғы моляр және премолярлардың ұрт бетіндегі таңдай төмпешіктердің ерте түйісуі. Ерте түйісу дара тістердің немесе топ тістердің қажалуының болмауынан, тағыда породонттың зақымдалуынан тістердің орнының өзгеруінен болады. көрші тістің болмауы, антогонист тістің окклюзиялық бетінде пломбаның қатты қажалуы, жақтың дамуының аномалиясы тіс қатарының окклюзиялық бетінің деформациясына алып келеді. Бұл кезде тістерді таңдап егемейді оның орнына окклюзиялық бетті өзгертетін тіс бөліктерін егейді. Тістерді таңдап егеу тістемнің ақауында, тіс қатарының ақауында, тістің қатты тіндерінің бір қалыпты қажалмауында, төмпешіктердің физиологиялық қажалуының болмауында көрсетілген. Тістерді таңдап егеудің көрсеткішіне пародонт тіндеріне қысымның артық түсуінің клиникалық және рентгенологиялық әдістердің болуы: бөлек тістердің қатты қозғалғыштығы, тіс мойынының және түбірінің жалаңаштануы, жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің алға шығуы, желпігіш(веер) тәрізді орналасуы, жақтардың түйісуінің орталық, бүйір және алдыңғы окклюзия кезінде тістердің ерте түісуі кезінде, жақтардың қозғалысына кедергі жасайтын тістердің окклюзиялық бетінің бөліктерінің болуы. Тістерді таңдап егеуді тіс қатарының көптеген түйісу нүктелері болу үшін жасалынады, пародонт тіндеріне функциональды көп қысымның түсуін жою үшін және төменгі жақтың свободной кинематикасы үшін жүргізіледі. Тістерді таңдап егеудің уақыты аурудың клиникалық суретіне байланысты. Жарақаттаушы окклюзиясы бар және пародонттың айқын қабыну симптомы бар науқастарда тістерді таңдап егеуді тек қабыну үрдісін жойғаннан кейін жүргізу керек. Егер клиникалық суретте сүйек қалталары бар сүйек тінінің деструкция симптоматикасы алда тұрса онда тістерді таңдап егеу операция алды кезеңінде немесе хирургиялық ем кезінде жүргізіледі. Себебі репаративті процесс кезінде окклюзиялық жарақатты болдырмау үшін.....
Қазақстан Республикасы Ресей және Еуропамен географиялық шексіз жерасты көлік байланысы бар азия мемлекеті ретінде маңызды транзитті әлеуетке ие. Қазақстан экономикасы территориясының ауқымдылығынан, теңізге шығу жолының жоқтығы мен елді мекендердің әрқилы орналасуы салдарынан көлік жүйесін қажет етеді. Жерасты жолдары желісінен келетін хабарламалар жүйесінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдары арқылы келеді (шамамен 88,4 және 14,0 мың км.). Қолдануға берілген су жолдарының ұзындығы 3,9 мың шақырымды, ал әуе трассасы - 61 мың шақырымды құрайды. 1000 шаршы метр территория желісінің тығыздығы 5,1 км жуық темір жолды, 32,4 км қатты жабындымен қапталған автомобиль жолдарын, 1,5 км ішкі су жолдарын құрайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Үкіметінің арасындағы Ресей тарапының Қазақстан тарапына 1999 жылдан бастап “Байқоңыр” кешенін пайдаланғаны үшін жалдық ақы бөлігін тауарлармен төлеу жөніндегі Мәскеу қаласында 2001 жылғы 28 қарашада жасалған ақы төлеудің тәртібі мен нысаны туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1427 қаулысы қабылданды, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының тарапынан “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) кері қайтарымсыз STAND BY аккредитивін пайдалана отырып 65 000 000 АҚШ доллары сомасына ресей рыногында ресейлік кәсіпорындар мен ұйымдардан шарттық бағалар бойынша ресей тауарлары мен қызметтерін сатып алу үшін заңды тұлға болып белгіленген. Ресейлік әзірлеуші-зауыттардың техниканы әзірлеу шамасына қарай оларды жеткізу 2003 жылдың соңына дейін жүргізілді. STAND BY аккредитивін пайдаланумен жол техникасын жеткізудің іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұдайы баяндалып отырды. Ақыны төлеуді жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Компанияның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасындағы 65 000 000 АҚШ доллары сомасына STAND BY № 30/4318 аккредитивін пайдалану және “ҚТЖ” ҰК” АҚ республикалық бюджетке ақшаны өтеуі туралы үшжақты келісім шарттарына сәйкес СССР Сыртқы экономикалық Банкі (Ресей Федерациясы) жүзеге асырды. Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті де өсуде. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын перспективалы етеді. Жерінің біршама жазықтығы5 және табиғи тастың үлкен қоры болуы темір жол және автомобиль көлігінің коммуникацияларын кедергісіз дамытуға мүмкіндік береді. Жер үсті жолдары қатынасы желісінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдарға (тиісінше 88,4 және 14,0 мың км) келеді. Пайдаланатын су жолдарының ұзындығы 3,9 мың км, әуе трассаларының ұзындығы - 61 мың км құрайды. 1000 шаршы км аумақтағы көлік желісінің тығыздығы: 5,1 км темір жолды, 32,4 км қатты төсемді автомобиль жолдарын, 1,5 км ішкі су жолдарын құрайды. ....