» » » Реферат: Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

Реферат: Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

Реферат: Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы казакша Реферат: Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы на казахском языке
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .
« Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді . Мұхтар Әуезов аузша айтылып келген аңызды идеялық бағыты айқын , көркемдік қуаты мол трагедиыға айналдырды . Пьеса жазылған кезеңде қазақ ауылында көне кертартпа салт-сана айығып болмаған еді . Қызды сүймеген адамына айттырып , күйеуі өлген жесірді сол елден шығармай , ағайын-туған рулас біреуге зорлап қоса салатын әмеңгерлік әшкереленуге тиіс болатын . Алғаш рет жайлауда , жалғастырыла тігілген киіз үйде қойылған « Еңлік – Кебек » пьесасы қазақ сахнасында мүлде жаңа бір түрінің – драматургияның пайда болғанын әйгілейді , дала өңірінде талай жылдар бұрын өткен қайғылы оқиғаның кейіпкерлері тұңғыш рет сахнада көрермендер алдына шықты . Пьесе тек әдеби оқаға ғана емес , халқымыздың рухындағы ұлттық рухани , мәдени оқиға да болды . Шығарма толық , сенімді ашылған көркем тұлғаларымен де , қазақтың байырғы шешендік өнерінің жарқырап көрінуімен де тартымды .
Мұхтар Әуезовтың әйгілі трагедияларының бірі – « Қарагөзде » ( 1926 жылы ) көне заманда бас бостандығына жете алмай ескі ғұрып – драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып көрсетеді : « Жалпы пьеса тақырыбы – беймезгіл заманды жолсыз өмір кешіп , ерте тартқан қайғы зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы ; асықтық пен ақындық құмарлығында елтіген уыз жастар жайы . Пьесаның екінші айқындаған идеясы ... азатан туған ақындық , қан-қайғыдан туған қаза , жеке бастың ғана шерінен басталып барып , халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек » .
Мұхтар Әуезов дараматургия жанырыныа ерекше көңіл бөліп , творчестволық жолының әр кезенінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды . Оның бұл жанырдағы қалам қуаты 30-жылдардағы шығармаларында көбірек танылды . Жазушының « Абай жолы » роман эпопеясына дейінгі идеялық-көркемдік өресі неғұрлым биік шығармалары драматургияда жасалды . Драмашының « Еңлік – Кебек » пен « Қарагөзден » басталған творчестволық ізденісі 50-жылдардың екінші жартысында жазылған « Дос- Бедел Досқа » дейін жалғасты . Бұл аралықты М .Әуезов тарихи адамдар өмірінен де , замандастар жайынан да , фольклорлық шығармалар сарынымен де алуан тақырыпта қалам тартты . Солардың бәріне ортақ сипат – уақыт алға қойған мәдени , көркемдік талаптарға жазушының дер кезінді сергек үн қатып отырғандығы , тұтас бір жанрдың ауыр жүгін қайыспай көтергендігі еді
Оның соғысқа дейінгі 5 жылдықтар дәуірінде жазылған пьесалары Қазақстандағы революциялық өзгерістердің , шаруашылықпен салт – санадағы жаңарулардың терең сырларын ашуға арналды . «Түнгі сарын » мен «Ақ қайында» олхалықтың азаттық үшін күресін көрсетсе , « Тас түлек » , « Тартыс » , « Алма бағында » , « Шекарада » сияқты шығармаларында совет адамдарының жаңа өмір қалпын жасампаз еңбегін бейнеледі .
Бұл – қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы оқиғаларына құралған драма . Пьеса негізіне алыннған тартыс , үстем тап пен езілген тап арасындағы тартыс . Мұның бір жағында жебір болыс Майқан , оның болыстыққа кандидат інісі Нұрқан , ажарлы да айлалы Бибіш ( Жүзтайлақ ) , бай Қыдырбай , оқыған Жүніс , адвокат Кәрімдер көрінсе , екінші тарапта Жантас , Тәнекерлер , осылардың бағытындағы Сапа , Мөржан , Бойбермес , Бөрібасар бейнелері беріледі . Бұл топтарды бір-бірімен бітімсіз күреске киліктіріп , араларын шиеленістіре түскен жағдай – патшаның қазақ жігіттерін империалистік соғыс майданының қара жұмысын алу туралы 1916 жылғы июнь жарлығы болады . Ертеден екі жақты қанаудан – патша әкімдерінен , әрі жергілікті болыс-билерден зәбір көріп келген халық алыс майданға барып , жат мүдделер үшін құрбандық болуға көнбейді . Осыдан барып халық кегі лаулады , таптық және ұлт азаттық мақсат қосылып , дала төсінде бостандық ұраны көтерілді . ....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: araylym94 | 20 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Әдебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы, реферат Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Әдебиет жоспарымен казакша реферат жоспар Мұхтар Әуезов қазақ, Реферат: Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы