Қазақша реферат: Майқанова Сәбира (1914 — 1998) » ZHARAR © 2017 | сәбира майқанова туралы қазақша реферат, сабира майканова туралы казакша реферат, сабира майканова туралы казакша омирбаяны, сәбира майқанова туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке сабира майканова




  • »

Қазақша реферат: Майқанова Сәбира (1914 — 1998)

Қазақша реферат: Майқанова Сәбира (1914 — 1998) казакша Қазақша реферат: Майқанова Сәбира (1914 — 1998) на казахском языке

Қыз жібек фильмінен үзінді

Дүниеге келгені: 1914
Сырдария ауданы
Қайтыс болғаны: 1955 сәуір
Алматы қаласы

Сәбира Майқанова (1.1. 1914, Сырдария ауданы – 14.1. 1995, Алматы қаласы) – актриса, Қазақстан (1958) және КСРО (1970) халық артисі. 1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б. Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д. Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В. М. Киршон, «Астық»), Рая (М. Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (Әуезов, Ә. Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К. А. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезов, «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С. Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ. Мүсірепов, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), Толғанай (Ш. Айтматов, «Ана – Жер-Ана», Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, 1967), Кесария (О. Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И. П. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж. Б. Фрозина (Мольер, «Сараң»),

Мария Антоновна (Н. В. Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха мен Галчиханы (А. Н. Островский «Найзағай» мен «Жазықсыз жапа шеккендер»), А. П. Чехов, («Сүйікті менің ағатайымында» («Ваня ағайында») Марина, Көклән мен Мөржан, Мамық Майлин, «Майдан» (Әуезов, «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Қарагөзінде») т. б. рөлдерін ойнады. 1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түскен: Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт», 1995), Торғын («Біз осында тұрамыз», 1957), Дәметкен («Құйма», 1961), Камка («Қыз жібек», 1969) т. б. Жазушы Д. Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнады, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова басты рөл – Салиқаны ойнады (1983). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 56
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .