Ілияс Жансүгіров (Қазақ үйдің тұрмысы)

Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық.....
Өлеңдер
Толық

Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға, немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінеді.


Тұрмыстық зорлық-зомбылық – мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе. Қазақстанда да осындай мәселе орын алған. Жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты, тіпті өлтіру бойынша он мыңдаған оқиғалар тіркеледі.


Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз.


Қолданыстағы заңдар арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алғашқы кезеңінде, тіпті қол жұмсау әрекетінің алдын-алуға болады.

Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық