Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек? » ZHARAR © 2017 | зорлық зомбылық туралы , зорлық зомбылық туралы заң, тұрмыстық зорлық зомбылық туралы заң, тұрмыстық зорлық зомбылық кеңес, қазақша ақыл кеңес, советы на казахском




  • »

Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?

Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек? казакша Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек? на казахском языке

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға, немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінеді.


Тұрмыстық зорлық-зомбылық – мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе. Қазақстанда да осындай мәселе орын алған. Жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты, тіпті өлтіру бойынша он мыңдаған оқиғалар тіркеледі.


Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз.


Қолданыстағы заңдар арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алғашқы кезеңінде, тіпті қол жұмсау әрекетінің алдын-алуға болады.


Заң бұзушылықтардың негізгі жағдайларын жинақтап, сіздің және полиция әрекетін көрсетуге тырысайық:


Бірінші жағдай. Адам сізге байланысты әкімшілік заң бұзушылық пен қылмыс жасаған жоқ. Алайда өзінің әрекеттерін сіздің еркіңізге қарсы жүзеге асырады, сол арқылы өміріңізді қиындатады – сіздің рұқсатыңсыз жұмысыңызға келеді, жиі телефон арқылы хабарласып, мазаңызды алады, егер бөлек тұрсаңыз, қорқытып, соныңыздан жүріп, психологиялық әсер етеді және т.б.


Егер осылай болса, онда сіз полиция органдарының көмегіне жүгінуге құқылысыз. Оұқыңы органдарының көмегіне жүгіне аласыз.


Осындай жағдайда полицейлер құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізеді.


Егер бұл жеткіліксіз болса, онда ол адамды полицияға жеткізіп, оған қорғалу туралы нұсқама жазылады. Ол не? Қорғалу туралы нұсқаманың арқасында оған тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қарсы оны іздеуге, соңына түсуге, келуге, ауызша және телефон арқылы әңгімені жүргізуге, басқа да амалдарды қолданып байланыс жасауға тыйым салынады. Қорғалу нұсқамасының 10 күндік мерзімі бар. Мерзімі біткеннен кейін, сіздің шағымыңызға сәйкес, прокуратура оны 30 тәулікке дейін ұзарта алады. Осы шараларды полицейлер өздері жасайды. Сізден тек өтініш қана талап етіледі.


Қорғалу нұсқамасын бұзғаны үшін адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады (әкімшілік айыппұл, сот тарапынан заң бұзушы тәртібіне негізгі талаптар қою – оны іздеу, соңына түсу, жәбірленушіге келу, онымен ауызша және телефон арқылы әңгімелерді жүргізуге, басқа амалдарды қолданып, байланысқа түсуге, суық қаруды алу, оны сақтауға, өзімен бірге алып жүру мен қолдануға тыйым салынған). Мұндай тыйым бір жылдық мерзімге белгіленуі мүмкін.


Егер қорғалу нұсқамасы қайта бұзылатын болса, онда қатал әкімшілік жаза қолданылады (10 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл, немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу, сонымен қатар, заң бұзушы тәртібіне негізгі талаптар қою).


Ал егер осы нұсқаманы бұзуға әрекеттер тыйылмаса, онда адам қылмыстық жазаға тартылады (200 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл, 120-180 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылу немесе 4 айға қамауға алыну).


Екінші жағдай. Жәбірлеуші әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Ол күш көрсету, балағат сөздер айту, қорлау, кемсіту, үй шаруашылығындағы құралдарға зақым келтіру, басқа да азаматтарды, бірге отбасылық-тұрмыстық жағдайда өмір сүріп келе жатқан адамдарды сыйламау, қылмыстық жазалаушы әрекеттерін көрсетпей, белгілі бір пәтер не үй тұрғындарын мазалау арқылы көрініс табады.


Сіздің полицияға шағымыңыздан кейін, құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізіледі, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. Егер сізге қауіп төніп тұрса, онда жәбірлеушіге қорғалу туралы нұсқама ұсынылады, оның жеткіліксіз негізін ескере отырып, жәбірленуші қауіпсіздігі үшін құқық бұзушы 48 сағатқа қамауға алынады (оны толықтай оқшаулау). Одан кейін оған әкімшілік жаза қолданылады (әкімшілік айыппұл, әкімшілік қамау, құқық бұзушы тәртібіне негізгі талаптар қою).


Үшінші жағдай. Жәбірлеуші қылмыс жасады. Яғни, дене жарақаттарын жасау, ұрып-соғу басқа да жәбірлеу әрекеттерін жасау арқылы физикалық және психологиялық қорлық жасау.


Бұл жағдайда, сіздің полицияға шағымыңыздан кейін, қылмыстық іс қозғалу керек. Заңға сәйкес күдіктіні 72 сағатқа қамауға алады. Жәбірленушінің қауіпсіздігі үшін күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылады (жол жүрмеу және тәртібі туралы қолхат, қамау, т.б.), ал егер қажет болса, қылмыс үдерісіне қатысқан тұлға қауіпсіздігі бойынша іс жүргізу шаралары қолданылады. Жазықты деп танылған тұлғаға сот шешімімен жаза қолданылады.


Егер жәбірленушіге қауіп төніп тұрса, ал қылмыстық жаза қолдану үшін біраз уақыт керек болса, онда ішкі істер органдары тарапынан қорғалу туралы нұсқама беріледі.


Төртінші жағдай. Азаматтық сот өндірісі шеңберінде жәбірленуші өз күшімен жәбірлеуші әрекеттерін тыюға тырысады. Ол нені білдіреді? Егер отбасы мүшесі сізге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсететін болса, онда сіз тікелей сотқа шағымдану арқылы оның сізге деген әрекеттерін тыя аласыз.


Есіңізге сала кетейік, әр тұлға (жәбірленуші, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған тұлға, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы басқа адамдар, сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алатын адамдар) жоғары мемлекеттік орган (қызметтік тұлға), прокуратура органдары мен сотқа бекітілген заңнамаға сәйкес жоғарыда аталған шаралар туралы шешім бойынша шағымдана алады.


Маңызды! Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, қиын өмірлік жағдайда өмір сүріп жатқан адам ретінде жергілікті атқарушы органға жазбаша шағымдана аласыз (әкімдік), арнайы әлеуметтік қызметтер (ақпараттық, құқықтық, психологиялық және т.б) ала аласыз. Бұл туралы толығырақ жергілікті еңбекпен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік органнан біле аласыз.


Білген жөн:


1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексі (144 бап);


2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (86-1және 355-1 баптары);


3) «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;


4) «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;


5) «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;


6) 2009 жылдың 14 наурыз № 330 «Арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлем тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;


7) «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 26-б бұйрығы (ҚР Әділет Министрлігінде 2009 жылғы 25 ақпанда № 5566 тіркелген);



Санат: Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Қыздарға пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы | | 9 658
Рейтинг:
(голосов: 3)

Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Қыздарға пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы, зорлық зомбылық туралы, зорлық зомбылық туралы заң, тұрмыстық зорлық зомбылық туралы заң, тұрмыстық зорлық зомбылық кеңес, қазақша ақыл кеңес, советы на казахском, Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек? қазақша ақыл кеңес, советы на казахском Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?, казакша акыл кенес Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?, зорлық зомбылық туралы, зорлық зомбылық туралы заң, тұрмыстық зорлық зомбылық туралы заң, тұрмыстық зорлық зомбылық кеңес, қазақша ақыл кеңес, советы на казахском, Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .