Қараңғы түн, қалың орман, Алай-түлей қар бораған. Долы дүлей, долы боран Кекті жапқан, жерді ораған. Өршелене соқты боран, Орман шулап тартты қобыз. Қарды қуып құйындаған, Келе жатыр жиырма тоғыз. Әлдеқайда жау жасағы, Көрінбейді боран басып. Орыс қысы ән салады,— Немістерге аран ашып. .....
Жүректе оты жанған жігіт едің, Атаның алып қалған үміт – кегін, Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға, Қазақтың қайсар ноян жігіттерін. Еріндей ертегінің қайта туған, Ашуың атқан толқын айбатыңнан; Кегінен қалың қазақ қайнап жігер, Тасыған қайратыңмен жауға атылған. .....
Қанат қаққан ұясынан, Біздер таудың түлегіміз, Алтын аспан аясында Араласқан жүрегіміз. Сонда көкке талпынғанда, Қонды бақыт үстімізге, Күлімдеді күн аспанда, Нұр сәулесі түсті бізге. .....
Лапылдады жанды кегім, Жанымда ыза, көзімде жас. Өлді ақын — ардагерім Өлтірді жау сұм есуас. Отқа түсті ақын жаны, Өртеді жас, есіл боздақ, Ұлы түтін — ащы зары Кетті іштегі кекті қозғап. Жаны сәби, әншіл бөбек, Еркеледі - ау дүниеге аз? Ақын еді туған бөлек — Жастай өліп кетті-ау, сабаз! Күйді өлеңнің қызғалдағы, Жанды гүлі аяп алар. .....
Жастығы мен арманы қатар жанған Жігіт кезде жарлылық батар жанға. Әлі әлемге белгісіз бала Бальзак Мансарда да тұрады пәтер жалдап. Қасы түгіл, Жақыны,.....
Ашу мен кек іркіліп, Бойға қуат құя ма?! Джунгли боп бір күні Бас көтерді Ява. Ұран тастап әр үйге Қару алды ер кіндік. Өмір қымбат, әрине, Одан гөрі еркіндік! Бұзып заман түрмесін, Буырқанып, қақ дабыл! Отаршылдық іргесін Солқылдатты көк дауыл. .....