Жамбыл Жабаев (Сталиндік ұлы заң)

Өлеңім, шарла ауылды,
Тыңда, дала, Жамбылды!
Өмірде заңды көп көрдім,
Сол заңдар бүгіп белімді,
Көзімнің жасын қан қылды.
Маңдайға әжім түсіріп,
Қайнатып миды даң қылды. .....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Съезге)

Уа, хұрметті ұлы съез!
Баянды болсын қадамың.
Басын қосып отырсың, —
Байтақ жатқан елімнің
Игі жақсы адамын.
Сөз сөйлейін термеден,
Еліммен бірге азат боп
Жерім шыққан көрмеден, .....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Сталинді тығдадым)

Алатау шыққан күнмен мұнарланып,
Нұрлана, сәулелене тұрды жанып,
Күмістей жұлдыз көкте, алма бақта,
Үн шашты радио толқынданып.
Сол үнді мен тыңдадым құлақ түріп,
Қуанды қарт жүрегім аласұрып,
Тұрғандай иранбақтың ортасында
Бұлбұлдай төгілтейін жырды құйып .....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Кекті ашу)

Бойымда қайнап кекті ашу,
Қаһарын төкті домбырам.
Өлеңім от пен у шашты,
Шапшыған бойда қызды қан!
Арқырап аққан өзендей,
Тасыды ашу аулымнан.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Ғасем Лахутиға)

Бахытты ел бас қосқанын етіп өлең,
Лахути, парсыша сен жаздың сәлем.
Елжіреп дауысыңа шын жүрегім
Қазақша мен де саған жауап берем.
Сенің жырың халық жыры — халқы тәжік,
Бұлбұлдай шырқатады әнге салып......
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)

Тоқсандағы Жамбылға
Толқынданып сөз келді.
Көктеменің көгіндей,
Кәрі өмірім өзгерді..
Ел еңсесін көтерген.
Шаттық заман кез. келді.
Өмір берді Сталин,
Бозбаламын мен де енді.
Алтын орден алғаным
Терең жырдың тиегі......
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)

Күнсіздерге күн болған,
Жер жүзіне нұр болған,
Ақылдың кені данышпан;
Езілгенге қол берген,
Кемтарларға жол берген,
Заманның ері арыстан,
Адасқан халық зарыққан,
Азаттық қылып бақытқа,
Сәулеңді келіп табысқан......
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Сталиннің ер досы)

Елімнен Мәскеу жеткенше
Жазыла түсіп жол жатыр,
Көк орай шалғын жер жатыр,
Асқар-асқар тау жатыр,
Еңсесі биік дөң жатыр,
Айдын шалқар көл жатыр,
Көлден де көп ел жатыр,,
Шетіне көз жетпестей
Ақ-Еділдей сел жатыр.
Осынау ұзақ сапарға.....
Өлеңдер
Толық