» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде) на казахском языке
Күнсіздерге күн болған,
Жер жүзіне нұр болған,
Ақылдың кені данышпан;
Езілгенге қол берген,
Кемтарларға жол берген,
Заманның ері арыстан,
Адасқан халық зарыққан,
Азаттық қылып бақытқа,
Сәулеңді келіп табысқан.
Дариядан артық ақылың
Төбең биік «ғарыштан»,
Қартайғанда бір көріп.
Зират етіп қайтуға
Жамбыл келді алыстан.
Жер жүзінің кіндігі, —
Мавзолейдің тасында,
Жер жүзінің шырағы —
Кремльде — қасыңда,
Жолыңды таймай ұстаған,
Бахытқа жұртты нұсқаған,
Артық туған шәкіртің —
Сталин отыр басыңда.
Тауап етіп өзіңе,
Сталиннен жөн сұрап,
Кетуге келген көп халық,
Көріседі осында.
Уа, данышпан сабазым!
Езілгенді теңедің,
Зарыққанды жебедің,
«Жер жүзіне шам-шырақ
Орнатамын!» — деп едің.
Миллиондаған халықтың
Сүйеніші едің, белі едің.
Бұрынғы кезде шеткері
Қалып, санға қосылмай
Жүрген қазақ елі едім.
Мені де сен теңедің,
Ұлы көшке ілесіп,
Алдымда басшы Сталин,
Соңынан еріп жөнедім.
Дәулетке батып белшеден,
Ырысқа қандым, кенелдім.
Заманнан бергі құрсаудың
Сен ағыттық тиегін,
Жер жүзінің кемтары
Сүйеген саған иегін.
Сенен алып нұр сәуле,
Қуатым толып, күш өсіп,
Бекіді менің сүйегім.
Бәрін бірдей құнарттық
Алпыс екі жүйенің,
Адамзаттың асылы
Аруағыңды ардақтап,
Көпті көріп көндіккен —
Ақшыл тартқан басымды
Алдыңа келіп иемін!

Автор: nurgul95 | 127 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымбатты сый)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымбатты сый)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Қалиға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Қалиға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қалыйға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қалыйға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Москва туралы жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Москва туралы жыр)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орындалған ант туралы жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орындалған ант туралы жыр)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді сайлаймын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді сайлаймын)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем бүкіл халықтан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем бүкіл халықтан)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Аттандыру)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Аттандыру)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем саған комсомол)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем саған комсомол)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Халықтың сәлемі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Халықтың сәлемі)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Октябрь толғауы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Октябрь толғауы)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Үлкен МХАТ-қа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Үлкен МХАТ-қа)
Өлең: Жамбыл Жабаев (X съезге)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (X съезге)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ғалім ініме)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ғалім ініме)

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Ленин мавзолейінде өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Ленин мавзолейінде, жамбыл жабаев Ленин мавзолейінде өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Ленин мавзолейінде, Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке