» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Съезге)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Съезге)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Съезге) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Съезге) на казахском языке
Уа, хұрметті ұлы съез!
Баянды болсын қадамың.
Басын қосып отырсың, —
Байтақ жатқан елімнің
Игі жақсы адамын.
Сөз сөйлейін термеден,
Еліммен бірге азат боп
Жерім шыққан көрмеден,
Өлеңде қанша қасиет, —
Ерлеріне елімнің,
Реусіз алтын зерімнің
Бас қосқан ұлы тобыңа,
Байғазыға бермеген,
Тілде қанша қасиет, —
Айшылықты алты аттап,
Асыл сезді тақпақтап,
Топ алдында желмеген,
Заманың мынау құлпырған,-
Бұрын түсте көрмеген:
Ақ-ыйық мұз-балақтай
Қыраннан көз жіберсем,
Көремін елді көлбеген.
Жапалақ ұшпас жапанды,
Бәйшешекке шомылтып,
Жайлау еткен заманым,
Сусыз шөлді құнартып,
Бұлақ еткен заманым.
Қамыс пенен құрайды,
Қолдан қайта туғызып,
Құрақ еткен заманым.
Айыл кескен бауырын,
Арқаның топшы жауырын,
Майға бөлеп сауырын,
Пырақ еткен заманым.
Аш, арықты теңгеріп,
Тарихты билеп меңгеріп,
Қаусаған елге әл беріп,
Кем тарына дән беріп,
Ұжмақ еткен заманым.
Адам аяқ баспайтын
Асқар Алатауларды,
Адамға керек мүліктің
Бұлағы еткен заманым.
Ит байласа тұрмайтын
Патша мен байдың мекенін,
Арамзадан арылтып,
Береке; бахыт, рахатқа
Төгілдіріп малынтып,
Бір жүз жетпіс миллион
Ерлеріне еңбектің
Тұрақ еткен заманым.
Көрсе таңға қалатын,
Қараса үлгі алатын,
Берекелі елімді
Жер шарына нұр берген,
Шырақ еткен заманым.
Осының бәрі ұлы еңбек,
Өз еліне жұмсаған
Адамзаттың алыбы, —
Ұлы Сталин дананың.
Уа, хұрметті ұлы съезім!
Қала менен дала да,
Колхозданған ауыл да,
Кәрі менен бала да,
Заңға қолын жайып тұр;
Соларға қосып даусымды,
Домбыра қолға құстадым,
Жаңа заңды заңды етіп,
Бірге шырқап әндетіп,
Құлпырып тұрған елімді
Мұнан да көркем сәнді етіп,
Тарқады мүлдем құштарым.
Қалың қазақ баласын
Туысына теңгерген,
Жасасын ұлы Сталин!

Автор: nurgul95 | 141 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жалп-жалп еткен жапалақ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жалп-жалп еткен жапалақ)
Өлең: Жамбыл Жабаев (12-декабрь)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (12-декабрь)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қайта жасардым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қайта жасардым)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыйлық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыйлық)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тауда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тауда)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Иісті майға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Иісті майға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мал өсірген аймаққа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мал өсірген аймаққа)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Москва туралы жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Москва туралы жыр)
Өлең: Ғафу Қайырбеков (Дүңк дүңк еткен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ғафу Қайырбеков (Дүңк дүңк еткен)
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ДҮНИЕ КЕРУЕН)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ДҮНИЕ КЕРУЕН)
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Боздаққа бұйырған бақ қышқыл)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Боздаққа бұйырған бақ қышқыл)
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Балалықты сағыну)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Балалықты сағыну)
Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Өткен еміншілік заманды Әбубәкір молданың жоқтап айтқан толғауы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Өткен еміншілік заманды Әбубәкір молданың жоқтап айтқан толғауы)
Өлең: Ойлан қазақ
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ойлан қазақ
Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Мойындамау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Мойындамау)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Кедей күйі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Кедей күйі)

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Съезге өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Съезге, жамбыл жабаев Съезге өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Съезге, Өлең: Жамбыл Жабаев (Съезге) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке