👈 қаріп өлшемі 👉

Ойлан қазақ

 Ойлан қазақ

Біздер қайда барамыз тура жолдан
түзу жүрші қазағым тағы ойлан,
теріс жолға түспейік еш қайсымыз
ата бабам ешқашанда адаспаған.

Бірін бірі көралмайтын заман туды
мықтыларың нашар жанның бәрін қуды,
көзін тауып бұл байлықтың бір қуыстан
арам жандар арам жолмен ақша қуды.

Адал жандар адал термен еңбек еткен
қанша тапса қанағат деп шүкір еткен,
бар жоғымен тәуба деген адал жанға
Аллам өзі бәрін тағы төгіп берген.

Баламыздың оқуыда пұл болды ғой
атанаға ауыр тиіп мұң болды ғой,
ақшасы бар қалталылар оқытып жүр
ақшасы жоқ кедей байқұс шыр болды ғой.

Бұрын соңды пұл сұраған болған емес
оқытты ғой әр баланы өзі кеңес,
жұмыс беріп баспанада берді өзі
кең заманым қайтайналып тағы келмес.

Кедей байқұс қиналады жоқшылықпен
ақшасы бар шалқаяды тоқшылықпен,
біреуде бар біреуде жоқ бұл дүние
қазір бәрі арпалысқан дағдарыспен.

Жұмыссыздық жойылмайды енді мүлде
жұмыс табу қиын болдау сізбен бізге,
қанша адам жұмыс таппай сенделіп жүр
қыйын болды жұмыссызға күн көруге.

Жоқ жандарға әрқашанда көмек жаса
ақшаң болып дәулетің тасып тұрса
көмек беріп тұрса егер қалталылар
Аллам сені қолдайды соны ұмытпа!!!

Ерік Еренғазыұлы
02.12.2018.ж.

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы