Өлең: Өмір өзен

Өлең: Өмір өзен казакша Өлең: Өмір өзен на казахском языке

Өмір деген өлшеулі ғой әр кімге
біреу кетеді біреу келеді өмірге,
сондықтанда шүкіршілік етейік
қуанышты шаттық мынау әр күнге.

Өмір деген өткінш пен қуаныш
өмір деген кейде саған жұбаныш,
кейде өмірде қуанасың жылайсың
өмір деген айласы көп алдамыш.

Өмірдің көп сұлу сұлу жолдары
сол жолдарды тауып жүрсең болғаны,
кей адамдар қия қия жол салып
өмірлерін адастырып жаман жолға бұрғаны.

Өмір деген махаббатсыз болмайды
махаббатпен өмір жолын жалғайды,
адал болса пәктік пенен махаббат
өмірің сенің өмір бойы солмайды.

Өмір деген болады тағы қатыгез
қашалмайды одан ешкім тағы тез,
қатыгездер жаулап алған бұл өмір
жойылмайды олар тағы атымен.

Өмір деген терең мұхит тұңғиық
түбіне сен жеталмайсын сүнгітіп,
өмір деген қанша ұзақ болса да
өте шығар қасыңнан ол құйғытып.

Бұл өмірде жолығады бір біріне көп адам
мейірімді мейірімсіз бөлінеді мың адам,
о адамдар сыйласыңдар бұл өмірде өздерің
сыйламайды бұл өмірді қайта саған бір Аллам.

Өмір деген адамзаттың дем алатын тынысы
өмір деген Алланың ол сыйға тартқан сыйлығы
табиғаттың нәрін алып адамзат
өкпеменен демін алып күн көретін ырысы.

Өмір деген ою өрнек сұлу өзі әдемі
таң қаласың қарап тұрып көргенде бұл әлемді,
ғажайыбы алуан түрлі мың құбылған ғаламат
тамсанасың көріп бәрін баураған ол сезімді.

Өмір деген туыстардың сыйластығы әрқашан
жаман болсаң сыйламайды бұл өмірде бір адам,
сол арада сезінесін туыстықтың мейірін
о адамдар сыйлы боңдар туыстармен бір қадам.

Бұл өмірде арулар көп сұлу өзі құлпырған
көздеріне бір қарасаң көздің жауын алдырған,
шет ел асып жат жігітпен бас қосып
туған туыс атанасын жапан түзде қалдырған.

Бұл өмірде жігіттер де көп қой өзі мыңдаған
атанасын зар қақтырып тілдерін еш алмаған,
жетіп алып,өмірлерін жағыдайын жақсартып
атанасын жәудіретіп қарттар үйіне тапсырған.

Бұл өмірде ойланыңдар ойға салып адамдар
атананың қадірін біл оған тағзым жасаңдар,
атанадай қадірлі де асыл жандар табылмас
біздер үшін жанын түйген шүперекке қасиетті адамдар.

Өмір деген қысқа өзі қыл көпірдей жіңішке
аяғыңды қата бассаң кеттің батып иірімге,
сондықтанда шүкіршілік тәуба қылып жүріңдер
Алла берген ғажайыптай ғаламат мына өмірге.

Өмір деген өмір өзен зырлаған
бабаларым өсиет айтып жырлаған,
ата бабам беріп кеткен ақ батасын
қазақ деген ұлы еліне мыңдаған!!!

Ерік Еренғазыұлы
10.10.2018.ж.




KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, , , Өлең: Өмір өзен қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке