Пай, пай, Өмір! - Мұқағали Мақатаев

Пай, пай, Өмір!  - Мұқағали Мақатаев

 Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген - көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз.
Өмір деген - бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.
Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін - өлемін деп қарамау. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 12
  1. Оқырман Еркеназ
    0 + 0 -
    I love you Mukagali Makataev❤️❤️❤️❤️❤️👅❤️❤️👅❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
  2. Пай пай пай өмір жолы
    1 + 0 -
    Ахаххахах
  3. мен үшін өте жақсы
    1 + 0 -
    Себебі мағынасы терең ой береді
  4. Ақнұр🫶🏻
    Ақнұр🫶🏻 04.02.2025 20:23
    14 + 2 -
    Күші екен алда тұған күні соған жатаймын
  5. Баймұрат Ақмейір
    15 + 0 -
    Күшті өлең екен ғой маған ұнады👏🙌🏻
  6. Ниндзя
    Ниндзя 14.02.2024 18:22
    17 + 1 -
    Күшті екен өлең
  7. Оқырман Аида
    Оқырман Аида 03.02.2024 22:10
    10 + 1 -
    Мына өлең күшті екен
    1. Оқырман Жазира
      Оқырман Жазира 03.02.2024 22:11
      5 + 0 -
      Иенле косыламын
    2. Абилаким Көркем
      5 + 0 -
      Қазақтың қарапайым өлеңдері әрқашанда КЕРЕМЕТ
  8. Оқырман Каусар
    Оқырман Каусар 15.01.2024 08:57
    12 + 2 -
    Супер
  9. Раяна
    Раяна 15.11.2023 11:34
    13 + 3 -
    Пай пай өмір!
    Өтесін ау б
  10. Керемет өлең
    Керемет өлең 07.02.2022 22:35
    44 + 9 -
    Өте жақсы пай пай өмір