Ақыл

Ақыл

 Ақыл деген даналы да парасатты өнеге
тыңдай білсең жетерсің сен ғажайыптай өмірге,
ақыл деген адамзаттың ойға берген азығы
өмір бойы азықтанып жүресін сен өмірде.

Бір адам бар жақтырмайды әркімді
өзінікі дұрыс дейді жөн мейлі,
біліп тұрып ақыл айтсаң сол жанға
ешқашанда елемейді сенің айтқан сөзіңді.

Бір адам бар ештенені білмейді
ақыл айтсаң мыйынада кірмейді,
қайта қайта сұрап қоймай өзіңнен
қор қылады сенің айтқан сөзіңді.

Ақылсызбен дос болсаң бұл өмірде
жер қылады өзін қосып сені де,
қашан болсын сені алдап кетеді
өкініп сен қаласың ғой өмірде.

Бір адам бар ақылы оның өте мол
құлақ қойып тыңдасандар жақсы адам өте ол,
ақылын айтып үйретеді мына сені өмірге
ақылменен жетістікке жеткен адам тағы ол.


Қарап көріңіз:



Ақсақалдар ақылын айтқан кезінде
ондай жандар жоқ қой кәзір мынау жалған өмірде,
бар болсада бірең сараң арамыздан табылар
ақылдылар сиреп қалған қазіргі бұл өмірде.

Ақыл тыңдап жүрсең егер қашанда
жетесің сен алға қойған мақсатқа,
ақыл деген асыл сөз ғой даналы
ақылыңды текке шашпай оны дұрыс бағала.

Мағжан менен Бейімбеттей ақылды да данышпан
сол жандарға қастық қылған жан дұшпан,
Сәкен менен Ілиястай ақылды да асылдар
біздер үшін жанын қыйып бәрі бірдей оққа ұшқан!!!

Ерік Еренғазыұлы
19.10.2018.ж.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!