Мұқағали Мақатаев (Болады деп арманда)

 Мұқағали Мақатаев (Болады деп арманда)

- Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба.
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,
Жалғанға.
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!
Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам таңданба!
Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,
Алданба!
Шығатұғын күндерге де,
Ататұғын таңдарға,
Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.
Өтер кетер, өтер кетер...
Дейміз ғой біз мұңайып.
Дейміз - дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа
Бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,
Құласақ та, тек биіктен,
Құзға барып құлайық!
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ойнағында,
Біз тұтатқан от жансын,
... Ей, Болашақ!
Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!
Мүмкін, бізді ұмытарсың..
Кім біледі?..
Жоқтарсың...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?