Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...) » ZHARAR © 2016 | шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке , шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева




  • »

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...) казакша Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...) на казахском языке

Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық‚ аштықтан сақтау үшiн
Зұлымдық пен айланы қылады сеп.

Айуан – етiн, терiсiн, сүт пен күшiн,
Ара – балын, су – балық, жер – жемiсiн,
Құс – денесiн‚ жүнi мен жұмыртқасын
Сақтап жүр ғой дейсiз бе адам үшiн.

Олардың да ойы бар өсiп-өнбек,
Кiмге оңай өмiр өтiп, оты сөнбек?
Адамның таза ақылы жанды қимай,
Амалсыз қиянатқа о да көнбек.

Сөйтiп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адамды адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейiл, мейiрiм жоқ –
Осы болар таза ақыл өлдi демек.

Сондықтан адам – залым, әлемге жау,
Ебiн тапса, қоймайды ешкiмдi сау.
Жер бiлсе адамзаттың бұл қылығын
Үстiнен бәрiн төгiп тастар едi-ау.

Олай қылмай, билесе бәрiн ақыл,
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 6 584
Рейтинг:
(голосов: 1)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңі Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр..., шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева, Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

. .