Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамдық борышың)

Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!
Автор: ZHARAR | 105 977 | 10.03.2014
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Өлең: Адамдық борышың

Қазақша Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Менің борышым

Қазақша Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Менің борышым

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдың жауабы)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атадан қалған ақ сауыт)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жолама, қулар, маңайға...)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)