» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір үйін тұрғызам деп)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір үйін тұрғызам деп)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір үйін тұрғызам деп) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір үйін тұрғызам деп) на казахском языке
Өмiр үйiн тұрғызам деп,
Мың сан үйдi құлатып.
Кiрпiш, ағаш жиғызам деп,
Матшаларын сұлатып.

Бiр басымның қамы ғой деп,
Қамданып ем жан үшiн.
Көп халықтың қақысын жеп,
Көп наданды жылатып.

Бiтсе, қайта бұза бердiм,
Басқа түрмен қалатып.
Неше план сыза бердiм,
Кезегiмен ұнатып.

Сопы болып басымды идiм,
Сәлде салдым айла үшiн.
Әдiлiмсiп перде кидiм,
Беттi бояп сылатып.

Нәпсi сонда қуанып жүр,
Айтқанымды қылды деп.
Хақиқатқа көрмедiм бiр,
Өз бойымды сынатып.

Бiр күнi арақ iшiп едiм,
Түстi жарым ойыма.
Терең ойға түсiп едiм,
Кеттi мастық улатып.

Дедi мастық: «Өмiр – айлаң,
Не бiтiрдi, қыл есеп.
Қанша адамға тидi пайдаң,
Қанша момын шулатып?»

Көп аруақ келдi кiрiп,
Көп қиянат қылғаным.
Кеттi бетке бiр түкiрiп,
Қақырықпен сулатып.

Қиянатпен қылған iсiм,
Көңiлiме түстi де,
Жанды iшiм, кеттi күшiм,
Неге қойсын шыдатып.

Тiптi айықпа, сорлы басым,
Мен арақтың құлымын–
Құй түкiрсiн, кегiн алсын,
Ойды қанмен бұлатып.

Ес жиюым болды қиын,
Есiркедi, келдi жар.
Қылды рахым: өмiр үйiн
Өз басыма құлатып

Автор: nurgul95 | 148 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жас алпыстан асқан соң)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жас алпыстан асқан соң)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тура жолда қайғы жоқ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тура жолда қайғы жоқ)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сұраған жанға сәлем айт)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сұраған жанға сәлем айт)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сорлы бұлбұл жазға асық боп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сорлы бұлбұл жазға асық боп)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анадан алғаш туғанымда...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анадан алғаш туғанымда...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүние мен өмір)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүние мен өмір)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ашу мен ынсап)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ашу мен ынсап)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның...)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Өмір үйін тұрғызам деп өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Өмір үйін тұрғызам деп, шәкәрім құдайбердіұлы Өмір үйін тұрғызам деп өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Өмір үйін тұрғызам деп, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір үйін тұрғызам деп) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке