Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның...)

Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚
Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат.
Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп,
Сырым бiлмей сыртымнан қылма ғайбат.
Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын,
Дәлелсiзге нанам деп болмаймын мат.
Бастағы көз‚ құлаққа сенiмiм жоқ,
Терең ой мен ақылға айтамын дат.
Пайғамбар, әулие айтты десе-дағы,
Ақыл қабыл алмаса, ол маған жат.
Шатақ дiнге, әдетке не бiлгiшке
Ноқталатпай ойымды қылам азат.
«Ақылға билетпеген пенде – айуан»‚
Десем де бола қоймас сөзiм ағат.
Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,
Молдалар маған қоймақ кәпiр деп ат.
«Ақылыңа сынат,– деп,– дәлел айтқан»
Құраннан табылады талай аят.
Тәпсiр деп қасиетiн талқан қылып,
Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат.
Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас,
Бетiне перде жапсаң неше қабат,
Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат.
Жаман тәпсiр жайылып жер жүзiне‚
Дiн десе тұра қашты естi азамат.
Бар обалы олардың тәпсiршiде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатенi түзеткен әлiмдер көп,
Соның сөзiн оқысам, боламын шат.
Қиянатың бар болса‚ иманың жоқ,
Маған десе, мың жылдай қыл ғибадат.
Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат.
Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп,
Сырым бiлмей сыртымнан қылма ғайбат.
Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын,
Дәлелсiзге нанам деп болмаймын мат.
Бастағы көз‚ құлаққа сенiмiм жоқ,
Терең ой мен ақылға айтамын дат.
Пайғамбар, әулие айтты десе-дағы,
Ақыл қабыл алмаса, ол маған жат.
Шатақ дiнге, әдетке не бiлгiшке
Ноқталатпай ойымды қылам азат.
«Ақылға билетпеген пенде – айуан»‚
Десем де бола қоймас сөзiм ағат.
Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,
Молдалар маған қоймақ кәпiр деп ат.
«Ақылыңа сынат,– деп,– дәлел айтқан»
Құраннан табылады талай аят.
Тәпсiр деп қасиетiн талқан қылып,
Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат.
Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас,
Бетiне перде жапсаң неше қабат,
Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат.
Жаман тәпсiр жайылып жер жүзiне‚
Дiн десе тұра қашты естi азамат.
Бар обалы олардың тәпсiршiде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатенi түзеткен әлiмдер көп,
Соның сөзiн оқысам, боламын шат.
Қиянатың бар болса‚ иманың жоқ,
Маған десе, мың жылдай қыл ғибадат.
Автор: ZHARAR | 11 006 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тіршілік жан туралы)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Пайғамбар Мұса жолықса)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір сырын көздесең)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір үйін тұрғызам деп)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Әбден толып жарық ай)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тура жолда қайғы жоқ)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жылым – қой жұлдызым – июль)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)

Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Шатақ Есенбайұлы

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғылымсыз адам – айуан...)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдың жауабы)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл құсы адаспай аспандаса...)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)